О.Құдайбергенов: «Халқымыздың көпшілігі қайырымдылықпен айналысады. Бұл біздің қанымызға сіңген»
15 қазан қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттерімен өткен «Жастар мен балалар арасында қайырымдылықты дәріптеу» онлайн-дәрісінде экономист, қоғам қайраткері, «Тайбурыл» қоғамдық қорының Басқарма төрағасы Олжас Құдайбергенов оны қайырымдылықпен айналысуға не итермелегені және бұл туралы неге айтуға болатынын ғана емес, неге айту керек екенін айтты.
«Қазақстанда қайырымдылық мәдениеті нашар дамығандығымен келіспеймін. Бізде азаматтардың көпшілігі қалай дегенмен осы игі іспен айналысады. Тағы бір мәселе, қарапайымдылық біздің мәдениетімізге сіңген. Сонымен бірге, сол АҚШ-та да қайырымдылық әдетте әртүрлі ұйымдар арқылы жүзеге асырылады, яғни мұның бәрі көпшілік алдында жасалады. Қазақтарда қайырымдылық мәдениеті бұрыннан бар, бірақ ол ретсіз сипатқа ие. Тіпті бізде басқа елдермен салыстырғанда қайырымдылықтың жоғары пайызы бар», - деді О.Құдайбергенов.

Бүгінгі жағдайды талдай келе, экономист Қазақстанда жаңа қайырымдылық ұйымдарын құру қажеттілігі жоқ деген пікір білдірді.
«Мысалы, «Милосердие» ерікті ұйымы», «Шұғыла», «Тайбурыл» қорлары бар. Олардың реттелген және ашық қызметі бар, қаражатты аудару толығымен автоматтандырылған. Мысалы, біздің «Тайбурыл» қорымыз білім беру саласындағы қайырымдылықтың ортақ платформасы бола алады», – деді Құдайбергенов осыған байланысты.
Оның айтуынша, «Білім-Инновация» лицейінің (бұрынғы қазақ-түрік лицейі) және Республикалық физика-математика мектебінің (РФМШ) түлектері өздерінің болашақ әріптестеріне сапалы білім алуға көмектесуге ынталы.
«Менің ойымша, ең жақсы критерий – бұл оқушы білім алып, табысты мансап жасап, басқаларға көмектесуі. Мен қайырымдылықпен қалай айналыса бастадым? Оқуға түсу кезінде мен бір қордан стипендия алдым, содан кейін грант алдым. Егер бұл қолдау болмаса, мен қазіргі білімімді ала алмас едім. Менің «Тайбурыл» қайырымдылық қорындағы жұмысым – қоғамға өз парызымды қайтару және білімге ұмтылатын жастарға көмектесу», - деп атап өтті О.Құдайбергенов.
Дәріс соңында спикер белсенді үш қатысушыға кітап сыйлады.
О.Құдайбергеновпен дәріс Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты аясында жүзеге асырылатын «Жастар мен балалар арасында қайырымдылықты дәріптеу» әлеуметтік жобасы шеңберінде дайындалды және өткізілді.
#cisc2020 #qogamgov #amal #amal2020 #amal2020kz #amalkz
