Ереже ескерткіштердің мәселесін ушықтыру үшін жазылған ба?
«Қорғау аймақтарын жасақтау, оның ішінде археологиялық ескеркіштердің қорғау аймақтары археологтардың негіздемесіне сүйеніп жасақталса, саулеттік нысандар саулетшілердің ғана негіздемесіне сүйеніп дайындалуы керек», деді ҚР Мәдениет қайраткері Сәдуақас Ағытаев «Еліміздегі тарихи-мәдени мұра ескерткіштерінің қазіргі жай-күйі» тақырыбының аясында өткен «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысында. Сәулетші ғалымның айтуынша, жалпы қорғау аймағының жобасы тек қана сәулетшілердің, оның ішінде қала құрылысымен айналысатын мамандардың ғана пререготивасы екендігін көпшілік біле бермейді. Соның кесірінен 2011 жылы қабылданған Ереже бүгінгі күні проблеманы шешудің орнына мәселені ушықтырып жіберді. «Ескерткіштің көріну аймағы, оның қоршаған ортасы, стилистикалық тала…