Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Голливудтық фильмдерді қазақшалау дубляждау ісін алға жылжытуда

Голливудтық фильмдерді қазақшалау отандық дубляждау ісін алға жылжытуда. Кино өнерінің мамандары Marvel студиясының «Кек алушылар: Альтрон дәуірі» эпикалық блокбастерінің қазақ тіліндегі нұсқасының Астанада өткен тұсаукесерінде осылай деді.


«Кек алушылар: Альтрон дәуірі» қазақ тіліне аударылған голливудтық фильмдердің 11-сі. Бұл жобаны «Болашақ» қауымдастығы «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Жастар – Отанға!» жобасының аясында жүзеге асыруда.

Голливудтық блокбастер 2011 жылдан бастап тікелей ағылшын тілінен халықаралық сапа стандарттары бойынша аударылуда. Сондай-ақ, жоба аясында Голливудтың Джони Депп, Анджелина Джоли, Уилл Смит сынды жұлдыздарын дыбыстауға 5 жылға эксклюзивті құқыққа қол жеткізілді. Осының арқасында отандық дубляждау ісі алға жылжуда.

Бұл - Тимур Балымбетовтің өткен жылдың жазында Қазақстан  киноэкрандарында көрсетілген «Галактика сақшыларынан» кейінгі екінші режиссерлік тәжірибесі.

Фильмнің басты кейіпкерлерін қазақ тілінде Жасұлан Байсалбеков (Альтрон), Бейбіт Қамаранов (Тор), Ержан Жарылқасынов (Темір адам), Ерғали Төлебаев (Капитан Америка), Бақытжан Жармұхамбетов (Қыран Көз), Самат Қордабаев (Халк) сияқты актерлер сөйлетті.

 
0
0
567

Осы тақырып бойынша

Голливудтық фильмдерді қазақшалау дубляждау ісін алға жылжытуда - Yvision.kz