SsangYoug Nomad автокөлігіне Елбасы жазба қалдырған
Бүгін Қазақстан Республикасы Президенттігіне Үміткер Н.Ә.Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері «Корона» макарон өнімдерімен жұртқа танымал болған «Қостанай ұн-жарма комбинаты» ЖШС қызметкерлерімен кездесті. Кәсіпорын ұжымы отандық өндіріске қолдау көрсеткені үшін ел Президентіне шексіз алғыстарын білдірді.
Бұдан бөлек, алдағы президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдау үшін Қостанай облысында мыңдаған адамдардың форумы ұйымдастырылды.
«Мемлекет басшысының ерекше көңіл бөлуі мен қамқорлығының арқасында автөндіріс өндірістің жылдам дамып жатқан секторларының бірі болды. Соңғы 4 жылдағы еліміздің ЖІӨ құрылымындағы оның үлесі 4,5 есеге артты. Өндіріс өсімінің серпіні бүкіл еліміз бойынша салада 120 000 астам жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік туғызды. Біздің зауытымызда болғанда Президент отандық SsangYoug Nomad автокөлігімізге «Сәт сапар!» деген жазба қалдырды. Бұл тілек бізді жаңа биіктерді бағындыруға жетелейді!», - деп атап өтті форум барысында сөйлеген сөзінде «Агромашхолдинг» АҚ басқармасының төрағасы Александр Сидоренко.
Форумда қостанайлықтар 26 сәуірде Қазақстанның жаңа жеңістері, яғни, Елбасы үшін дауыс беретіндерін мәлімдеді.
Айта кетейік, бүгін РҚШ мүшелері Қостанай облысында болды. Олар өңірдің аграршыларымен, еңбек ұжымдарымен кездесті, сондай-ақ, Ұлт Лидері жақтастарының Форумына қатысты.
