Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бастауыш партия ұйымдары – партияның өмірлік маңызы зор жасушалары

«Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың кезекті XVI-шы Съез шақыру туралы қаулыға қол қоюына орай өңірлермен өткен селекторлық кеңес барысында партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек осылай деді.

«Құрамдық тұрғыдан алсақ, партия дегеніміз, ең алдымен, партиялық бастауыш ұйымдардың жиынтығы. Яғни, партия мүшелерінің басын қосатын, тек партиялықтармен ғана емес, түрлі әлеуметтік топтармен  күнделікті көзбе-көз жұмыс жүргізетін бастауыш ұйымдар біздің партия қызметін ұйымдастыру жүйесінің негізі болып табылады. Көркемдей айтсақ, өмірлік маңызы аса зор клеткалары, жүйкесі», - деп атап өтті саясаткер.

Оның айтуынша, партияға әр нұротандықтың, әр ұяшықтың пікірі маңызды. Бұған бірлесіп талқылаудың нәтижесінде дүниеге келген жобалар – Партияның саяси Доктринасы мен 2025 жылға дейінгі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы дәлел. Сондықтан, ағымдағы жылы «Нұр Отанның» жұмысы бастауыш партия ұйымдарының қызметінің тиімділігін бұдан әрі арттыруға бағытталды. Яғни, 2015 жыл бастауыш партия ұйымдарының жылы аясында өтеді.

Айта кетейік, а.ж. 11 наурызда «Нұр Отан» партиясының кезекті XVI Съезі өтеді. Таңертеңгілік партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев осындай Қаулыға қол қойды. Тиісінше, айтулы шараға өңірлердегі БПҰ-нан 1200-ден астам делегат қатысады деп күтілуде. Қазіргі кезде бүкіл ел аумағындағы бастауыш партия ұйымдарында делегаттар ұсыну үдерісі басталды.

 
1
0
1171

Осы тақырып бойынша