«Алтын ханшайым» Теректіден табылды
03.10.12.Орал қаласынан 80 шақырым жердегі Теректі ауданынан жасы 2,5 мың жылға кететін ғажайып жәдігер табылды. Ол - әйелдің мүрдесі. Денесі алтынмен апталған... Қолжетімді деректерге қарағанда, «Алтын ханшайым» табылған қорған тоналмаған, бүтін сақталған. Археологтар моладан көптеген алтын әшекей тапқан. Әрине, бұлардың бәрі бүгінгі ғылым үшін қол жетпес құнды зат болып табылатыны белгілі» деп жазады centrasia.ru.сайты Батыс Қазақстанда шығатын «Уральская неделя» басылымының сайтына сілтеме жасап. Жергілікті жұрт «Алтын ханшайым» деп ат қойып үлгерген құнды жәдігер тамыз айында белгілі болғанға ұқсайды. Бірақ облыс әкімшілігі әзірге ол жөнінде хабар таратпауды жөн көрген секілді. Себебі бүгінгі күні ұлттық символымызға айналып үлгерген Есіктен табылған Алтын адамнан еш…