Мазмұнға өту
AIKYN

«Айқын»

@AIKYN

Сайтта 2012 ж. 1 қыркүйекКазахстан, Алматы

Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің алғашқы саны 2004 жылы 6 наурызда жарық көрді. 2005 жыл газет Президент сыйлығын жеңіп алды. 2006 жылы «Алтын жұлдыз» сыйлығын иемденді. Аптасына 5 рет шығатын күнделікті газеттер арасында «Айқынның» өз орны бар. Аз ғана уақыт ішінде «Айқын» республикадағы белді де беделді басылымға айналып, Қазақстанның бұқаралық ақпарат кеністігінде өз ор…нын тапты. Газеттің әр нөміріндегі мақалалар түрлі сараптамалық шолуларда, пікірталастарда негізгі тақырыпқа айналып, интернет жүйесінде де қайта басылып келеді. Шенеуніктер, менеджерлер, түрлі деңгейдегі кәсіпкерлер өз жұмысын біздің газеттегі жаңалықтарды оқудан бастайды. Республикалық қоғамдық-саяси басылым – «Айқын» газеті қазақ қоғамының мәдени өмірі мен қоғамдық-экономикалық, саяси деңейін көтеруді алдына мақсат етіп қойған. Басылымның бірқатар облыстарда тілшілер қосыны бар. Сондай-ақ Будапешт, Пекин, Ашхабад қалаларында өз тілшілеріміз қызмет етеді. Газеттер бағасы мен таралымы жағынан б

рейтинг

250

жазбалар

116

пікірлер

2

тіркелуші

3

жазылымдар

0

500 миллион теңге қарыз

28.09.12.Алматы қаласының тұрғындары суық су үшін жалпы есебі 500 миллион теңгедей берешек. Оның ішінде заңды тұлғалар мемлекетке 163 миллион теңге қарыз болса, бюджеттік мекемелер 26 миллион теңге қарыз. Өзгесін былай қойғанда, көппәтерлі үйдің тұрғындары да пайдаланған судың ақшасын төлемейді екен. Мәселен, шаһардағы көппәтерлі сектор тұрғындары 285 миллион теңге, ал жеке сектор тұрғындары 100 миллион теңге берешек. Осыған орай, «Бастау» және «Тоспа су» еншілес мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны қарызын өтемеген борышкерлерді жазалау шарасын қолға алды. Мекеме қызметкерлері борышкер­лердің қарызы туралы бірнеше ескертпе жіберіпті. Десек те, тұтынушылар ескер­тулерге құлақ аспайды екен. Бұдан былай берешек тұрғындар қызмет көрсетуден әп-сәтте қағылады. Қазіргі таңда, бо­рышкерлерді қатаң…

0
0
445

Адамзаттың алаңдауына не себеп?

28.09.12.2030 жылға қарай 100 миллион адам қайтыс болып, әлемдік ішкі жалпы өнім 3,2 пайызға құлдырайды. Мұндай сұмдық деректі DARA гуманитарлық орталығы жариялады. Миллиондаған адамның шейіт болуы мемлекетаралық соғыстан емес, әлемдік жылынудың кесірінен болғалы тұр. Ауаға тым көп жайылған парникті газдың кесірінен, мәңгілік мұз жамылған солтүстіктегі мұзтаулардың еруі, соңғы кезде жедел жүріп жатқанға ұқсайды. Күннің күрт жылуы онсыз да шөлді-шөлейтті аймақ­тарда отырған мемлекеттер үшін үлкен қасіретке айналамақшы. Қуаңшылық­тың арты аштыққа, түрлі аурулардың таралуына алып келері айқын. Оның үстіне жұтым судың да табылмауы жұдырық үстіне жұдырық болары белгілі. Мұның арты адамдардың мил­лиондап қырылуына жол ашпақ. Қазірдің өзінде ауаның ластануынан, аштықтан, түрлі аурудан және клима…

0
0
551

Алматының «Алмасы»

28.09.12. Алматының апортына қызығатындардың қатары артты. Тіпті, жер-жерде жарнамалық сипаты бар алманың суретін іліп, тас пен темірден жасалған сұлбаларын көрнекті жерге қоюға құштарлықтан да осыны байқауға... Ал Республика алаңында пайдалануға берілген алып алма бейнесіндегі нысан нағыз шебердің қолынан шықты деуге болады. Ол қала тұрғындары мен қонақтарды қатты қызықтыратын сәулет өнеріне айналып шыға келді. Әсіресе, отау құруға бел буған жастар екі шетіне неке сақинасы тағылған Алманың ортасындағы «көпірден» өтуді сәнге айналдырды. Биіктігі - 2,9 метр, көлемі - 5,4 метр келетін металл каркас пен сөре­лік әйнектерден жасалған мүсін жұртты қызықтырмай қоймайды. Осылайша некеге тұрған жас жұбайлар үшін тәу етер қадірлі орын баршаға қуаныш сыйлап жатыр. - Алматы осындай әдемі, мүмкін бол…

0
0
698

«Арландардың» алдынан кім шығады?

28.09.12.Дүниежүзілік бокс сериясы (WSB) додасында сынға түсетін «Астана арландары» клубы биылғы маусымның топтық турнирінде кімдермен күш сынасатыны белгілі болды. Жеребе тарту рәсімі Швейцарияның Лозанна қаласында өтті. Айтулы жобаға қатысушы 12 команда алты-алтыдан екі топқа бөлінді. «Астана арландары» «В» тобында өнер көрсетеді. Қарсыластарымыз - «Milano Thunder» (Италия), «USA» (АҚШ), «Great Britain» (Ұлыбритания) және «Germany Eagles» (Германия). Бұлардың арасындағы ең белдісі «Milano Thunder» клубы екені даусыз. WSB додасының 2011-2012 жылғы маусымда Аппенин түбегінің түлектері жеңімпаз атанған болатын. Десек те, өзге командаларды да осал деп айтуға болмайды. Олардың дені өз құрамына бірқатар мықты деген былғары қолғап шеберлерін қабылдап, жүлделі орындар үшін таласуға бел буып оты…

0
0
530

Ташкентте табысқа жеттік

28.09.12.Өзбекстанның астанасында дзюдо күресінен әлем кубогының кезеңдік жарысы өтті. Оған 13 мемлекеттен келген 120-ға жуық балуан қатысты. Ташкент татамиінде жерлестеріміздің табысы мол болды. Бұл бәсекеде Қазақстан құрамасы 2 алтын, 1 күміс және 3 қола медальді иеленді. Биыл Лондонда өткен Олимпиада ойындарында 48 келі салмақта белдескен Александра Подрядова бұл жолы 52 келі салмақ дәрежесінде бақ сынауға бел буды. Бұл ретте оның қадамы құтты болды. Жарыс барысында израильдік Гили Кохен, өзбекстандық Ділдора Убайдоллаева және белоруссиялық Алеся Старавероваға сан соқтырып, алтыннан алқа тағынды. Әйгілі әріптесінің жеңісті жолы Анар Сейтімоваға жұғысты болды. Ол 78 келі салмақта өнер көрсетіп, бас жүлдені жеңіп алды. Финалда Анар боз кілем иесі Ирода Мадмұратованы ұтты. Күміс медаль Ай…

0
0
377

Соңғы сынақ Монакода өтеді

28.09.12. Үстіміздегі жылдың 7 қазанында Александр Винокуров ең соңғы рет жарыс жолына шығуды жоспарлап отыр. Сол күні даңқты велошабандоз Монакода өтетін 50 шақырымдық критериум сайысында бақ сынайды. Винокуров әлемдік деңгейде мойындалған спортшы. Оның спорттық өмірбаяны жарқын жеңістер мен толағай табыстарға толды. Александр көптеген халықаралық жарыстарда бас жүлдені олжалады. «Вуэльта» додасында топ жарды. Әр жылдары «Тур де Франс» көпкүндігінің кезеңдік сайыстарында жеңімпаз атанып, жалпы есепте үшінші орынға табан тіреді. Ол ұзақ жылдар бойы Қазақстан Ұлттық құрамасы мен «Астана» клубының серкесі болды. Әлем чемпионатында екі рет қола медальді иеленді. Азияда да алдына жан салған жоқ. 2000 жылы Сиднейде алауы тұтанған Олимпиада ойындарында күміс медальді қанжығасына байласа, 2012 ж…

0
0
609

Бойы - қысқа, ойы - ұзын

Джиоти Ямга - 18 жаста. Бойы небәрі 62,6 сантимер. Ол әлемге ең кішкентай әйел ретінде танымал.
Джиоти «ахондроплазия» деген атаумен белгілі ергежейліліктен зардап шегеді. Бұл қыздың бойы алдағы уақытта өспейтіндігін білдіреді.
Үнді қызы Ұлыбритания астанасына 2013 жылғы «Гиннестің рекордтар кітабы» жарық көрер алдында келген. «Ең кішкентай әйел» атағы өткен жылы желтоқсан айында келіпті. Осылайша «Гиннестің рекордтар кітабында» америкалық Бриджит Джорданнан 7 сантиметрге аласа адам ретінде екінші орында тұр.
«Мен бәрінен бұрын Голливуд артисі болып, «Оскар» сыйлығын алуды армандаймын», - деген ол келешекте талай биіктерді бағындырғысы келеді.

0
0
894

Байтұрсыновтың бәйбішесіне ескерткіш орнатылды

Қостанай өңірінің жұртшылығы үшін ұмытылмастай елеулі оқиға болды. Қазақ халқының рухани көсемі Ахмет Байтұрсыновтың аяулы жары Бәдрисафа Мұхамедсадыққызына Меңдіқара ауданындағы Қасқат ауылының аумағындағы қорымда ескерткіш белгі орнатылды. Ескерткіш белгіні көрнекті ғалым, академик Кенжеғали Сағадиев, облыстық мәслихат хатшысы Сайлаубек Есжанов, 84 жастағы Дәмежан апа ашты. Жұртшылық ұлтымыздың мақтанышы Кенжеғали ағамыздың ұлағатты сөзін ұйып тыңдады. Ауданның бас имамы Ертай қажы Балахмет аруақтарға бағыштап құран оқыды. Әңгіменің орайы келгенде, Бәдрисафаның кезінде Ислам дінін қабылдап қана қоймай, бұл діннің қағидаттарын берік ұстанып, ораза тұтып, намаз оқып, ардақты Алаш қайраткеріне қамқор болғанын айтып өткеніміз жөн. Басқосуда жергілікті мектеп оқушылары ескерткіш белгінің алд…

0
0
619

Байтұрсыновтың бәйбішесіне ескерткіш орнатылды

Қостанай өңірінің жұртшылығы үшін ұмытылмастай елеулі оқиға болды. Қазақ халқының рухани көсемі Ахмет Байтұрсыновтың аяулы жары Бәдрисафа Мұхамедсадыққызына Меңдіқара ауданындағы Қасқат ауылының аумағындағы қорымда ескерткіш белгі орнатылды. Ескерткіш белгіні көрнекті ғалым, академик Кенжеғали Сағадиев, облыстық мәслихат хатшысы Сайлаубек Есжанов, 84 жастағы Дәмежан апа ашты. Жұртшылық ұлтымыздың мақтанышы Кенжеғали ағамыздың ұлағатты сөзін ұйып тыңдады. Ауданның бас имамы Ертай қажы Балахмет аруақтарға бағыштап құран оқыды. Әңгіменің орайы келгенде, Бәдрисафаның кезінде Ислам дінін қабылдап қана қоймай, бұл діннің қағидаттарын берік ұстанып, ораза тұтып, намаз оқып, ардақты Алаш қайраткеріне қамқор болғанын айтып өткеніміз жөн. Басқосуда жергілікті мектеп оқушылары ескерткіш белгінің алд…

0
0
567

В.ХРАПУНОВ: Женевада вилланы қалай сатып алуға болады?

Өткен жылдың қараша айында-ақ қазақстандық сот В.Храпуновты тұтқындауға санкция берген болатын. Алматы қаласының экс-әкіміне қатысты 20 қылмыстық істің қозғалуының өзі-ақ осындай шешімнің шығарылуына негіз бола алады. Храпуновқа халықаралық іздеу жарияланбай тұрып-ақ, қазақстандық қоғамда «өзінің байлыққа малынған керемет өмірін мақтан тұтып, оңды-солды ақшаны шашып жүрген бұрынғы шенеунікте соншама миллиондар қайдан?» деген сұрақтар көп болатын. Аса ірі алаяқтыққа қатысы бар деген күдік тағылған «швейцариялық миллионерді» қолға түсіруге бүгінгі күні қазақстандық қоғамның мүдделілігі де арта түсуде.Храпунов мекенжайын өзгерте ме?Казнетте жиі кездесетін танымал блогерлік тезистердің бірі, біріншіден, мораль мен әділеттілік заңы бойынша Виктор Храпунов Женева көліне терезесі қарайтын виллас…

0
0
405