Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Құстар неге құстай ұшады?

 
 

06.10.12.

Атырау облысында Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген ондаған құс электр желілерінен ток соғып, қырылуда. Бұл туралы ресейлік «Дронт» экология орталығының өкілі Марк Пестов мәлімдеді.

- Біз кернеулігі 6-10 киловольт электр желілерінің әсерінен құстардың өлуіне тыңғылықты зерттеу жүргіздік. Нәтижесі көңіл көншітпейді. Қазақ­станның «Қызыл кітабына» енгізілген құстар қырылып жатыр, - дейді ма­ман.
Өткен жылы «Дронт» орталығының орнитологтары «ҚазТрансОйл», «ҚазТранс­Газ», «КҚК» және «Аджип ККО» компанияларының 400 шақы­рым­нан асатын электр желілерінің бойымен жүріп өткен. Экспедиция барысында өлген 63 дала қыраны, 41 көксары, 9 бөктергі және т.б. құстардың өлексесі табылған.
Атырау облысында орын алған жағ­дай қанаттылардың көбеюіне залал келтіріп отыр. Облысының аумағында жыртқыш құстардың 15 түрі ұя салатын жерде кернеулігі 6-10 киловольт 8 мың шақырым электр желілері өтеді. Заң бойынша кәсіпорындар өздерінің электр желілерін құстарды қорғайтын құрылғылармен жабдықтауға тиіс, алайда мұнымен айналысатындар тым аз екен. Әттеген-ай...құссыз қалмасақ жарар еді.
 
0
0
1755

Осы тақырып бойынша

Құстар неге құстай ұшады? - Yvision.kz