Мазмұнға өту
AIKYN

«Айқын»

@AIKYN

Сайтта 2012 ж. 1 қыркүйекКазахстан, Алматы

Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің алғашқы саны 2004 жылы 6 наурызда жарық көрді. 2005 жыл газет Президент сыйлығын жеңіп алды. 2006 жылы «Алтын жұлдыз» сыйлығын иемденді. Аптасына 5 рет шығатын күнделікті газеттер арасында «Айқынның» өз орны бар. Аз ғана уақыт ішінде «Айқын» республикадағы белді де беделді басылымға айналып, Қазақстанның бұқаралық ақпарат кеністігінде өз ор…нын тапты. Газеттің әр нөміріндегі мақалалар түрлі сараптамалық шолуларда, пікірталастарда негізгі тақырыпқа айналып, интернет жүйесінде де қайта басылып келеді. Шенеуніктер, менеджерлер, түрлі деңгейдегі кәсіпкерлер өз жұмысын біздің газеттегі жаңалықтарды оқудан бастайды. Республикалық қоғамдық-саяси басылым – «Айқын» газеті қазақ қоғамының мәдени өмірі мен қоғамдық-экономикалық, саяси деңейін көтеруді алдына мақсат етіп қойған. Басылымның бірқатар облыстарда тілшілер қосыны бар. Сондай-ақ Будапешт, Пекин, Ашхабад қалаларында өз тілшілеріміз қызмет етеді. Газеттер бағасы мен таралымы жағынан б

рейтинг

250

жазбалар

116

пікірлер

2

тіркелуші

3

жазылымдар

0

Қасиетті жұрнақ қазаққа қаншалықты керек?

Елімізде ұлттар мен ұлыстарға, олардың ұстанатын дініне, наным-сеніміне құрметпеу қарау - басты қағидаға айналды. Алайда осындай мүмкіндікті игілікке, бір діннің екінші дінге құрмет көрсетуіне барынша пайдаланғанға не жетсін?! Алайда...«Інжілді» білмедік, ал мұсылман қауымы үшін марқұмның денесін үйде ұзақ ұстаудың өзі жақсы емес. Тездетіп жер қойнына беру керек. Ал енді біреулердің қатқан мүрдені ғасырлап сақтайтыны таңғалатын жағдай-ақ. Тіпті кейбіреулердің «қасиетті» деп жұрнақты ел аралатып жүруі адам денесін түршіктіретіні анық. Қазақстанда митрополиттік округтің Әулие Спиридон Тримифунтскийдің қасиетті жұрнағының Қазақстанға әкелінетіндігі туралы хабарландыру ел кезіп жүргеніне айға жуық уақыт өтті. 9 қыркүйектен 10 қыркүйекке қараған түні Алматыға Грекияның Керкир аралынан арнайы ұ…

0
0
622

Атақты алаяқтар

Талайларды тақырға отырғызып, сан соқтырып кететін алаяқтар жайлы әңгімелесек. «Жұмыртқадан жүн қырқатын» қулар қай елде болсын кездеседі. Капиталистік ортаны айтпағанда, тіпті адамгершілік ұстанымдарды ұлықтаған кеңестік қоғамда да алаяқтар аз кездеспеген екен. Біздің еліміздің құқық қорғаушылары да алаяқтықтың небір түрін әшкерелеп жүр. Бірақ оның тамырына балта шауып, түбірімен жоқ қылу мүмкін еместігі де рас.Әлемдік тарихта алаяқтығымен атын шығарған адамдар өте көп. Солардың ішінде Виктор Люстигтің (1890 - 1947) есімі ерекше аталады. Қазіргі Чехия жерінде дүниеге келген ол алаяқтардың ішіндегі ең айлакері саналады. Оның бір ғана Эйфель мұнарасын сатып жіберуінің өзі сөзімізге дәлел бола алады. Люстиг өмір бойы алаяқтықпен айналысып өт­кен. Бес бірдей тілде еркін сөйлеген оның 45-тен…

0
0
1588

Елбасының өлеңіне жазылған жаңа ән «На-На» тобының орындауында насихатталмақ

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өлеңіне жазылған Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Төлеген Мұхамеджановтың «Мой город» әнін ресейлік «На-На» тобы кең көлемде насихаттауға кірісті. Есімі елге белгілі композитордың айтуынша, бұл туынды тәу еткен Тәуел­сіздігіміздің 20 жылдық мерейтойына орайластырылып жазылған екен. Мереке күні орталық стадионда ұйымдастырылған мемлекеттік шарада сиясы кеппеген шығарманың тұсауын танымал әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сүндет Байғожин кеседі. Арада екі аптадай уақыт өткенде продюсер Бари Алибасов авторға хабарласып, Астана туралы ән сұрайды. Елорданың туған күніне тарту ететін концерттік бағдарламаларына қосу үшін арнайы іздеп жатқанын жеткізеді. - Бари Алибасов - байырғы досым. «На-На» тобының репертуарында екі әнім бар. Қайда бармасын, таст…

0
0
1156

Нельсон Мандела: Мен өлуге дайынмын!

Расында да ел басқару - оңай емес. Бұл тұрғыда әлемде түрлі тәжірибе де жетерлік. Билікке халық қалауымен келіп те түк бітіре алмағандар бар. Қолын қанға малып, тізгінді ұстаған соң да ел тұрмысын түзей алмағандар жетерлік. Керісінше халқының азаттығы жолында күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмей, таққа отырған соң жұртының жанына жақын, ойына орайлас, мақсаты ортақ тірлік жасап, Ақ киізге отырғызып, нағыз көсем деуге лайықты адамдар да бар. Солардың бірі - Нельсон Ролихлахла Мандела.Ол Оңтүстік Африка Республикасында 1918 жылы 18 шілдеде белгісіздеу тайпаның отбасында дүниеге келген. Форта-Хер колледжінде оқып, 1940 жылы студенттер шеруіне қатысқаны үшін оқудан шығарылады. Кейінірек Витватерсранда университетіне түсіп, құқықтанушы мамандығын алады. 1944 жылы Нельсон Мандела Африка ұлттық конгр…

0
0
3063

Алла ПЛАТОНОВА: Қазақ тілін үйренуді қашанғы кейінге шегереміз?

- Алла, өзіңді Арқалықта жұмыс істеп жүрген кезіңнен білетінмін. Жақында Қостанайдағы тіл мәселесіне қатысты үлкен басқосуда жатық та сауатты баяндамаңды тыңдап, өте тәнті болғанымды жа­сырмаймын. Сенің осы мемлекеттік тілді меңгерудегі жетістігің барша жастарға өнеге. Ең алдымен қай жерде туып-өскеніңді айтып өтсең? - Мен қаймағы бұзылмаған, қазақтың бүкіл салт-дәстүрі берік сақталған Амангелді ауданына қарасты Тасты ауылында туып-өстім. Ол жер - мен үшін жер жәннаты. Маған одан артық елді мекен жоқ секілді көрінеді. Тасты аудан орталығынан 75 шақырымдай жерде. Осы ауылда 508 адам тұрады. Тұрғындардың басым көпшілігі - қазақ. Бәрі де менің бауырларым болып кеткен. Өйткені ондағыларға мақсат та, мүдде де ортақ. Тіршіліктегі барлық қуаныш пен қайғыны бірге бөліседі. Осы ауылға әкем Сергей…

0
0
623

Жақсы өмір сүру үшін қанша жалақы қажет?

Ең аз жалақы алатын өңір Еліміздегі ең төмен күнкөріс деңгейі ағымдағы жылы 17 439 теңгені құрап отыр. Үкіметтің электрондық сайтында берілгендей, бұл көрсеткіш былтырғы 2011 жылмен салыстырғанда 1440 теңгеге өскен (2011 жылы 15 999 теңгеге теңескен). «2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 17 439 теңгеге таяған. Ал айлық есептік көрсеткіш 1618 теңгені құрапты. Елбасымыз атап өткендей, жалпы, ең аз мөлшерде жалақы алатын жұмыскерлер еліміздің солтүстік өңірінде өмір сүреді. Статистика агенттігінің мәліметі бойынша ағымдағы жылдың мамыр айында солтүстік жұмыскерлерінің орташа жалақы мөлшері 67 733 теңге болған. Жалпы аймақтар бойынша биылғы жылдың маусым айының жал…

1
0
2372

Игорь КВАША: Адамгершілікті ояту - басты міндет

Жаздың соңғы күнінде ресейлік «Бірінші арнаның» «Жди меня» бағдарламасының жүргізушісі, актер, режиссер, Ресейдің халық артисі Игорь Кваша өмірден озды. 79 жастағы актердің халыққа бергені көп шығар. Көптің көңілін баураған, Кеңес Одағының жаңалығына айналған «Современник» театрының негізін қалаушы Игорь Кваша «Жди меня» бағдарламасының жүргізушісі ретінде қалың көрерменнің жүрегінде қалды.Өмір оған жарқын сәттерді сыйлады. Ол махаббатта да, достықта да, ұстанымдарында да тұрақты болды. Бозбала шағында Отан алдындағы борышын адал атқаруға аттанса, әрқилы диссиденттермен дос болып, билікке қарсы наразылық хаттарына еркін қол қойды. Оның осы әрекеті үшін Кваша кинодан қол үзіп қалған еді. Бірақ Игорь Владимирұлы өмірдің мұндай келеңсіздіктеріне назар аударған жоқ. Ол барлық құбылысқа филосо…

1
2
732

Аружан САИН, тележүргізуші, актриса, продюсер: Абайдың қарасөздерін қайта-қайта оқи бергім келеді

- Сіз қазір еліміздегі белгілі адамдардың қатарына жатасыз. Қоғам қайраткері, тележүргізуші, актриса, продюсер, қайырымдылық қорының басшысы дегендей. «Көтере алмас шоқпарды белге бай­­лап алып» жүрген жоқсыз ба? Жалпы, алға қойған мақсатыңыз не еді?- Бұл жерде ешқандай құпия жоқ. Ең бастысы - еңбекқорлық. Мені үйде солай тәрбиеледі. Ата-анам да, ата-әжем де «еңбек етсең емерсің» деп отыратын. Бәлкім, сол әсер еткен болар. Оқуда озат болуға тырыстым. Арланбайтынмын. Қазір де кез келген іске бел шешіп кірісіп кетемін. Бір басымда бірнеше жұмыс бар. Бірақ «үлгермей жатырмын, қиын екен» деп айтпаймын. Қолымнан келгенше дөңгелетіп отырмын. Оған ешкім кінә таға алмас. Әлі есімде, анам мені алты жасымнан балетке берді. Балерина болу оңай емес. Көп тер төгуге тура келді. Аптасына үш-төрт рет үйі…

1
0
1821

Қалихан ЫСҚАҚ, жазушы-драматург: Бір-ақ нәрсені күтемін

- Мен бұл құрылтайдан бір-ақ нәрсені күтемін. Құрылтай өйтіп-бүйтіп өтер, Нұрлан Оразалиннің орнына басқа біреу сайланар. Бірақ қара шаңыраққа ие бола алатын адам табыла ма? Әңгіме сонда. Мемлекеттен ақшасын алып қойып, ар жағында ыңыранып жата беретұғын бұрынғы заман жоқ. Қазір талап күшті. Шыны керек, 700-ден асып түсетін жазушыны ұстап тұру, олардың киелі ордасын басқару оңай шаруа емес. Бұған дейін осы жөнінде өзге жазушылардың пікірін біліп едім. Олардың көпшілігі Одақ басшылығына келгісі жоқ секілді. Өйткені жеті жүз жазушыны, үлкен бір шаңырақты басқару кез келгеннің қолынан келе бермейді. Қаламгерлердің арасында басшылық тізгінінен үміт ететіндер де жетіп артылады. Бірақ, меніңше, олар ар жағын ойлап жүрген жоқ. Ондай жандар төрағаның мойнына түсетін ауыртпалықты сезінбейтін секіл…

0
0
837

Герольд БЕЛЬГЕР, жазушы: Ештеңе күтпеймін

- Бұлай деуімнің себебі бар. Жалпы, «Жазушылар одағы керек емес» деуге болмайды. Қаламгерлерімізді жинап, басқарып, жөнге салып отыратын - осы қара шаңырақ. Мен бұл ұйымға 1963 жылдары келдім. Ол кезде Одақта небәрі 130 мүше бар болатын. Міне, сол 130 жазушының барлығын танитынмын, әрбір шыққан жаңа туындыларын да сиясы кеппей жатып, оқып отыратынбыз. Ал қазіргі күні Жазушылар одағында 800-ге тарта қаламгер тіркелген. Алайда бұл тізімдегі жазушыларды көпшілік біле бермейді. Баспасөздің бетін ашып қалсаң да, белгісіз біреудің аты-жөнінің соңында «жазушы» деген үлкен атақ тұрады. Оның жұртты немен қуантқаны, қандай кітаптарының жарық көргені, қалай жазатыны белгісіз болып қала береді. Тағы бір мысал. Биыл 42 адамға «Алаш» сыйлығын табыс етіпті. Бір жылда осыншама адамға «Алаш» сыйлығын ұсын…

1
0
637