Абайды танып болдық па?
1. Қызыл империя Құнанбайды қара ниетті, қатыгез тадам тұрғысында бағалады. Ал тәуелсіздік тұсындағы таным түсінік, ұстаным қандай болуы керек? 2. Халықтың түсінігінде «қара» деген оңды ұғым емес. Ал Абайдың сом алтындай сөздері «қара сөздер» деп аталуының сыры неде? 3. Абай өмір сүрген кезеңде экологиялық жағдай жақсы, ауа, су, топырақ, азық-түлік те тап-таза еді. Ал ақынның ішкені қымыз бен қымыран, жегені қазы мен қарта. Ол неге бар болғаны 59-ақ жас өмір сүрді? Жүніс Үпенұлы, ардагер ұстаз Жаңақорған ауданы, Қызылорда облысы. Абай тұлғасына және абайтану мәселелеріне қатысты қойылған оқырман сауалына филология ғылымдарының докторы, профессор, «Абайтану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Мекемтас МЫРЗАХМЕТҰЛЫ жауап береді: 1. Біз бұл орайда тарихи Құнанбай және әдеби Құнанбай деп ек…