Жүректің көзі - 08.11.12.
Әнес САРАЙ, Жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері: Арманым жоқ деуіме болады - Аға, жетпістің бесеуіне келіп жатырсыз, құтты болсын айтамыз. Бұл жасқа жеткен де, жетпеген де бар. Әр жылды артқа тастаған сайын адам баласы өзіне-өзі есеп беріп тұруы керек екен. Ал сіз саналы ғұмырыңызды жазуға арнаған адамсыз. Қалам ұстаумен өткен өмір белесіңізге бұрылып қарағанда не көріп жүрсіз? Әттеген-айыңыз бар ма, әлде тәубешіл көңіл басым ба? - Жетпіс бес жыл өмір сүру оңай емес. Біз халықтың басындағы қиын кезең өтіп жатқан 1937 жылы туғандармыз ғой. Осы жылы туған 15-ке жуық жазушы бар едік бір кездерде. Бүгін солардан Қайрат Жұмағалиев екеуіміз ғана 75-ке жетіп отырмыз. Демек, осы өмірдің өзін жүріп өту оңай шаруа болмағаны да. Соның өзі ойға қалдырады. Біз соғыс балаларымыз ғой. Соғыс балаларының…