Елбасы сыйлаған қазақы тұмар Обамаға жеңіс әперді
|
08.11.12.
6 қараша күні өткен сайлауда АҚШ-тың қазіргі лидері сайлаушылардың 294 дауысын алған. Ал жеңіс үшін оған 270 адамның дауыс беруі жеткілікті болатын. Республикалық партиядан түскен кандидат Митт Ромни жеңілгенін мойындады. Көріпкелдердің осы сайлауға қатысты айтқан болжамдары айдай келді.
Осы жерде Қазақстан Президенті Назарбаев пен Ақ үйдің қожайыны Обаманың ағымдағы жылдың наурыз айында ядролық қауіпсіздік бойынша Сеулде өткен жаһандық саммит кезіндегі кездесуі еріксіз еске түседі. Екіжақты кездесуден соң Нұрсұлтан Назарбаев Барак Обамаға алдағы сайлауда қақырата жеңіп шығу үшін қазақы тұмар сыйға тартқан. Елбасы шын көңілімен сыйлаған бойтұмар Обамаға жеңіс әперді. Төре ҒАЛИ |

