Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі мазмұнын талдау
“Кіші Қазан”ұғымын ойдан шығарып іске асырған Голощекин болатын. Оның Қазақстанға өлкелік партия комитетінің бірінші хатшы болып сайлануы қазақ халқына үлкен қайғы-қасірет алып келді. Небір сұмдық амал-айла, зымияндық әдіс қолдану арқылы қазақ зиялыларын бір-біріне айдап салып, “халық жауы”деп жапты. 1929жылы-31, 1930жылы-82, 1931жылы-80жалған “контрреволюциялық ұйымдар” ашылып, осы ұйымның мүшесі болды деген өтірік жаламен он мыңнан астам қазақтың үлгі тұтар азаматтарын қамауға алды. Голощекин Қазақстанда “Қазан революциясы”іске аспаған, сондықтан “Кіші Қазан” революциясын жасау керектігін айтып, шу көтерген. Оның түсінбеген мәселесі біреу еді. Қазақтарда негізгі байлық мал болып есептелінген. Малы барларға ғана жайылым керек болды. Малдан айырылса оларға да жер көп қажет болмай қалатын.…


