«Кедергісіз келешек» партиялық жоба аясында
Қазіргі таңда «Nur Otan» партиясы жүйелі жұмысын жаңғырту мақсатында түрлі ауқымды шараларды іске асырып келеді. Олардың қатарында «Кедергісіз келешек» деп аталатын партиялық жоба да бар. Негізгі мақсаты – мемлекетіміздегі мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту және тұрақты қамқорлық көрсету болып табылады. Осыған сәйкес, «Nur Otan» партиясының аудандық филиалының ұйымдастыруымен Қарасай аудандық партия өкілдері мен жоба аясында құрылған мониторингтік тобы жоспарлы түрде мекемелерге барды.
