ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Құрметті достар! 1 наурызда «Nur Otan» партиясының құрылғанына 22 жыл толады.

Құрметті достар! 1 наурызда «Nur Otan» партиясының құрылғанына 22 жыл толады. Осынау айтулы күннің қарсаңында еліміз көлемінде мыңнан астам белсенді азамат біздің қатарымызға қосылды. Олардың арасында азаматтық қоғам, білім беру, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, мәдениет пен спорт саласының өкілдері бар.

Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, нұротандықтардың басты принциптері – жауапкершілік, командалық рух және партия идеалдары мен құндылықтарына берік болу. Біз Жарғы талаптарына сәйкес партиялықтардың сапалық құрамын жақсарту бойынша жұмысты жалғастырамыз. Сондай-ақ партия жақтастарының институты кеңейтіледі.

Алдағы электоратаралық кезеңде Елбасы «Nur Otan»-ның жұмысын толықтай қайта құруды, біздің сайлауалды уәделеріміздің іске асырылуына жүйелі бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Партия Лидерінің фракциялар жұмысын күшейту жөніндегі тапсырмасына сәйкес біздің депутаттардың қоғамдық рейтингісі енгізіледі. Партиялық тізімдерде резервте тұрған 2 мыңдай азамат, сарапшылар мен үкіметтік емес ұйымдар тартыла отырып, партия қоғамдық кеңестерінің жұмысы жүйелі түрде қайта құрылымдалатын болады.

«Электронды партия» жобасын жандандыру аясында Үкіметпен бірлесіп әр өңір, қала және аудан бойынша сайлауалды бағдарламалар шеңберіндегі жол карталарын іске асыруға мониторинг жүргізу үшін цифрлық платформа әзірленеді.

Партия Лидері айтқандай, «Nur Otan»-ның аппараты пандемия кезеңінде тұрғындармен нақты жұмыс жүргізуге бағдарлануы тиіс. Ел көлеміндегі 234 қоғамдық қабылдау бөлмесі өзара әрекет жасаудың проактивті форматына көшуі тиіс. Оның ішінде әлеуметтік желілер де қамтылуы қажет.

Соңғы жылда бізге 393 мыңнан астам өтініш келіп түсті, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2 есе көп. 5 жыл ішінде партияға 1,2 млн. адам жүгінді, оның ішінде 423 мыңнан астамы – онлайн-форматта. Олардың 92%-і оң шешімін тапты, тегін консультативтік, құқықтық және өзге де көмек көрсетілді.

Осыған байланысты алға қойылған жаңа міндеттер ескеріле отырып, қоғам қайраткері Әлия Садырбаева партияның Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің басшысы болып тағайындалды. Оның заң және қоғамдық ұйымдар саласында 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.

«Nur Otan» – нақты істер партиясы. Біз сайлауалды уәделердің іске асырылуына барлық деңгейде жүйелі бақылауды қамтамасыз етеміз. Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

***

Дорогие друзья! 1 марта исполняется 22 года с момента образования партии «Nur Otan». В преддверии этого дня по всей стране более тысячи активных казахстанцев, среди которых представители гражданского общества, сферы образования, здравоохранения, промышленности, культуры и спорта, вступили в наши ряды.

Как сказал Елбасы, Лидер партии Нурсултан Назарбаев, главные принципы нуротановцев - это ответственность, командный дух, приверженность идеалам и ценностям партии. Мы продолжим работу над улучшением качественного состава партийцев согласно требованиям Устава. Также будет расширяться институт сторонников партии.

В предстоящий межэлекторальный период Елбасы поручил полностью перестроить работу «Nur Otan»-а, обеспечить системный контроль за реализацией наших предвыборных обещаний.

В соответствии с поручением Лидера партии по усилению работы фракций будет внедрен общественный рейтинг наших депутатов. Будет системно переформатирована деятельность общественных советов партии с привлечением в их работу почти 2 тысяч резервистов из партийных списков, экспертов и НПО.

В рамках активизации проекта «Электронная партия» совместно с Правительством будет разработана цифровая платформа для мониторинга реализации дорожных карт в рамках предвыборных программ по каждому региону, городу и району.

Как сказал Лидер партии, аппарат «Nur Otan»-а в период пандемии должен быть ориентирован на конкретную работу с населением. 234 общественные приемные по всей стране должны перейти в проактивный формат взаимодействия, в том числе в соцсетях.

За последний год к нам поступило более 393 тысяч обращений, что в 2 раза больше по сравнению с 2019 годом. За 5 лет в партию обратилось 1,2 млн. человек, в том числе более 423 тысяч – в онлайн-формате. Из них 92% решены положительно, оказана бесплатная консультативная, правовая и иная помощь.

В этой связи, с учетом новых поставленных задач, руководителем Республиканской общественной приемной партии назначена общественный деятель Алия Садырбаева. Имеет более 20 лет опыта работы в юридической сфере и общественных организациях.

«Nur Otan» - партия реальных дел. Мы обеспечим системный контроль за реализацией на всех уровнях наших предвыборных обещаний. Преодолев испытания, победим вместе!