ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Ауданданымыздың халық қалаулыларымен «Біздің депутаттар»жаңа айдары арқылы таныстыруды жалғастырамыз

«БІЗДІҢ ДЕПУТАТТАР» АЙДАРЫ

Сіздерді Ақжайық ауданданымыздың халық қалаулыларымен «Біздің депутаттар» жаңа айдары арқылы таныстыруды жалғастырамыз. Бүгінгі кейіпкеріміз. Ақжайык аудандық мәслихатының 7 шақырылым депутаты Темиргалиев Багдат Елжасович 1995 жылы 24 қазанда Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылында дүниеге келген.

2013 жылы М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектепті бітіріп, 2013 жылы Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университетіне түсіп, 2017 жылы «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілік қауіпсіздік негіздері» мамандығын тәмамдаған.

2017 жылдан Батыс Қазақстан облысы әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Чапаев орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Орман өртін сөндіру станциясының басшысы болып қызмет атқарып келеді.

Жастарды жұмыспен қамту, «Жасыл ел», "Бастау бизнес " жобасы, Шабдаржап автокемпинг жобасына жетекжетеклік етеді.

Жұмыс істеген жылдар арлығында дала, орман өрттеріне белсене араласып, өзінің жақсы ұйымдастыру қабілеттілігін көрсете білді. Осы қабілеттілігімен «Орман шаруашылық күніне» орай мекеме басшысының және аудан әкімінің Алғыс хаттарымен, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіподақ төрағасы Е.Каппельдің Құрмет Грамотасымен, Н.Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталды.

Жанұялы, бір қыз тәрбиелеуде.

#NurOtan #BizBirgemiz #Tanday2021 #Akzhayikdeputіes2021