Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын
мерекелеу мақсатында «Салауатты өмір-ұлт болашағы» атты тақырыпта, ауданымызға белгілі жас спортшымыз Айтақын Асыл Нұрмұхамбетұлымен инстаграм желісінде тікелей эфир өткіздік. Айтақын Асыл Нұрмұхамбетұлы ауданымыздың намысын қорғап, атын шығарып жүрген жас спортшымыз, жас болғанына қарамастан көптеген жетістіктерге жеткен, еркін күрестен Қазақстанның 4-дүркін чемпионы, 23 жасқа дейінгі жастар арасында Қазақстанның 2-дүркін чемпионы, Монголияда өткен Азия ойындарының қатысушысы. Спортшымыз өзінің құрдастарына, желі көрермендеріне өзінің «Салауатты өмір-ұлт болашағы» тақырыбында ой пікірін айтып, жастарды спортқа, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.