Мазмұнға өту

Жаңа

Тағы да аттестат өртеу басталды

undefined

"Бала берсең сана бер..." Ең болмағанда құжаттың сыртындағы мемлекеттік рәмізді құрметтеу керек. Бұлай жасау (өртеу, жырту) кейбір мемлекеттерде қылмыс саналады", - деп жазылған Instagram-дағы dauletten парақшасында.

0
0
437

Су тасқыны кезінде науқас әйелді құтқарған полицей

Бұрынырақ хабарлағанымыздай, бүгін Президент елдегі су тасқынына қарсы күреске белсене атсалысқан азаматтарды марапаттаған болатын.Салтанаты түрде марапаттау кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев топан сумен күреске күштік құрылымдардың 63 мыңнан астам қызметкері атсалысқанын атап өтті.Солай жан аямай әрекет еткендердің қатарына Батыс Қазақстан облысы ПД Орал қалалық Полиция басқармасының жедел криминалистикалық бөлімі бастығының орынбасары, майор Фархат Сейлевті де жатқызуға болады. Оның екі айдан аса уақыт бұрын жасаған әрекеті әлі күнге дейін айтылып келеді.Фархат Сейлев 13 сәуірде «Автожол-1» саяжайының су басқан аумағында қызметте жүргенде бір әйелді байқап қалады. Ол үйінен шыға алмай қалған. Яғни денсаулығына байланысты өз бетінше эвакуациялануға мүмкіндігі болмапты.Полиция майоры әйелді қау…

0
0
491

Тоқаев Садықовқа қатысты тергеу ісіне қатысуға Қазақстанның ресми органдары дайын екенін мәлімдеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Киевте Қазақстан журналисіне Украинада жасалған қастандық әрекетке қатысты пікір білдірді."Елімізде Заң үстемдігін нығайтып жатырмыз, яғни барлық салада, ең алдымен, Заң үстемдігін қамтамасыз ету – басты міндет. Бұл мәселе бойынша менің көзқарасым – айқын. Мұны өздеріңіз де жақсы білесіздер. Қазақстанда Заң мен тәртіп бәрінен биік тұруға тиіс. Сондықтан қоғамдағы барлық қарама-қайшылықтар мен келіспеушіліктерді тек қана құқықтық тұрғыдан, яғни тиісті Заңнамаға және негізгі халықаралық нормаларға сәйкес шешу қажет. Кеше Қазақстан азаматы Айдос Садықовқа қатысты Киевте болған қылмысқа да дәл осы ұстаным тұрғысынан қараған жөн. Мен дипломатиялық арналар мен құқық қорғау органдары арқылы осы оқыс оқиға бойынша Украина тарапына ресми сұратулар жіберу туралы нақты…

0
0
597

Президент: "Сын сағатта еліміз ырысты ынтымағын танытты"

Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынымен күрес шараларына белсене атсалысқан ел азаматтарын марапаттау рәсімінде сөз сөйледі.Президент, ең алдымен, бұл бұрын ешқашан болмаған ең жойқын табиғи апат екенін атап өтті. Қазақстанның 10 аймағында төтенше жағдай жарияланды. Жалпы, ел көлемінде 19 мыңнан астам тұрғын үйді су басты."Сын сағатта еліміз ырысты ынтымағын танытты. Біз табиғи апат кезінде жұрт болып жұмылдық. Біртұтас ел екенімізді көрсеттік. Құтқарушылар, әскерилер, ішкі істер органдары мен әкімдік қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істеді. Олар Отан алдындағы парызын мінсіз атқарды. Бір сөзбен, антқа адал болды", – деді Мемлекет басшысы.Қасым-Жомарт Тоқаев топан сумен күреске…

0
0
283

Тележүргізуші: "Қазақты барынша арандатып жатыр"

undefined

Мына бишілердің бірі еркек дейді. Қазақты барынша арандатып жатыр. Үшінші фронт ашқысы келетін арам ниеттілердің тірлігі. Төзімдері қай жерде тарс етеді деп көргісі келеді. Бұған үн қатпадыңдар деп айтақтап отыр кейбіреулер. Ал үн қаттық дейікші. Сонда елдегі қызтекелердің бәрін қырып тастауымыз керек пе әлде Қазақстандағы әр киіз үйдің ішіне ЛГБТ-лар билемесін деп күзет қоюымыз керек пе?! Неге полиция жұмыс істемейді. Неге желідегі үш-төрт адам ғана шуылдап қою керек?! Меніңше, құзырлы органдар ұлттық құндылық пен дәстүрді қорлағандарды “ұлтаралық араздықты қоздырды” деп заңмен жауапкершілікке тарту керек.

Ерқанат Көпжасардың жазбасы

0
0
474

Елімізде шамамен 289 млрд теңге көлемінде жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер берілді

Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды (бұдан әрі – МӘЖ) төлеуге республикалық бюджеттен 255,5 млрд теңге жұмсалды. Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 33,5 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды.2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша МӘЖ алушылар саны шамамен 541,8 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – шамамен 198,2 мың адамды құрайды.Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейін…

0
0
318

Жеке куәлік пен банк картасындағы жариялауға болмайтын деректер

Алаяқтар азаматтарға хабарласып, банк картасы мен жеке басты куәландыратын құжаттың деректерін сұрайды. Олардан опық жемес үшін қандай қауіпсіздік қағидаттарын білген жөн. Сонымен банк картасының 16 таңбалы нөмірін, ондағы латын әрпімен жазылған аты-жөніңізді ашық көрсете беруге болады. Бірақ карта жұмысының аяқталу мерзімі мен артқы беттегі 3 таңбалы СВВ кодын ешкім білмеуі керек.

Ал жеке куәліктегі аты-жөніңіз бен туған ай-жылыңызды хабарлауға болады. Дегенмен құжаттағы ЖСН нөмірі мен куәлік нөмірін ешкімге айтпаған дұрыс. Сондай-ақ куәліктің фотосын өзгеге жібермеу керек.

@qazaqstantv

0
0
356

Ақтау әкімі алаяқтық жөнінде үндеу жолдады

Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тінәлиев өзінің аты-жөнін алаяқтар пайдаланып жатқанын айтты.

undefined

Ол азаматтарды өз атынан келген күмәнді хабарламаларға сенбеуге шақырды.

"Whats’App, Telegram мессенджерінде белгісіз адам менің аты-жөнімді жазып жалған ақпарат таратып жүр.

Сіздерден мұндай хабарламаларға сенбеуді және күмәнді сілтемелерге өтпеулеріңізді сұраймын. Сондай-ақ, мұндай хабарламаларға жауап бермей, ештеңе жазбағандарыңыз дұрыс", - деп жазды Ұлықбек Тінәлиев Facebook-те.

Әкім өз атынан алаяқтық мақсатта хабарламалар жіберуге тыйым салатынын, ал тыйымды тыңдамағандардың үстінен арыз жазатынын мәлімдеді.

undefined

0
0
891

Бозымбаев су тасқыны салдарын жою қарқынын бәсеңдетпеуді тапсырды

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев алты өңірдегі су тасқыны салдарын жою жұмыстарының қарқынын тексерді.Вице-премьер тұрғын үй қорын, әлеуметтік нысандарды, жол және инженерлік инфрақұрылымды, электр энергетика, байланыс, шағын және орта бизнес нысандарын қалпына келтіру мәселелері бойынша кеңес өткізді.Кеңеске бейінді министрліктердің өкілдері, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері қатысты.Ақмола облысында бүгінгі таңда 273 тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр. Атбасар қаласында көппәтерлі үйлер салынуда, онда қазан айында 165 отбасы қоныстануды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, су тасқынынан зардап шеккен үш ауданда 108 жеке үй салынып жатыр. 143 отбасы үшін тұрғын үй сатып алынды. Ресімдеу сатысында тағы 45 пәтер бар. Облыста екі мектеп…

0
0
785

Шымкентте жаңа гүлзар ашылды

Шымкент қаласының Еңбекші ауданындағы Жібек жолы және Сайрам көшелерінің қиылысында тағы бір жаңа гүлзар ашылып, пайдалануға берілді.Жаңа әлеуметтік нысан кәсіпкерлер есебінен салынып отыр. Аумағы 1,1 гектар гүлзарда тұрғындарға барлық қолайлы жағдай жасалған. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа гүлзардың ашылуына қатысып, тұрғындармен кездесті.Аталған ауданда 2022 жылы «Қазақстан-Түркия достығы» саябағы тұрғындар игілігіне берілген еді. Биыл тағы бір жаңа гүлзар тұрғындарға қуаныш сыйлады. Жаңа нысан – BI group компаниясының қалаға жасаған тартуы. Жұмысшылар құрылысты 1,5 ай ішінде, қала күніне орай аяқтады.Жаңа аллея BIG TULIP атауын иеленген.Tulip түркі тілінде «қызғалдақ» деген мағына береді. Аллеяға кіреберістегі 5 қызғалдақ түнде жарқырап, қаланың көркін артырады. Аталған компания өкі…

0
0
594