Мазмұнға өту
Обложка сообщества Батыс Қазақстан облысының басты жаңалықтары

Су тасқыны кезінде науқас әйелді құтқарған полицей

Бұрынырақ хабарлағанымыздай, бүгін Президент елдегі су тасқынына қарсы күреске белсене атсалысқан азаматтарды марапаттаған болатын.

undefined

Салтанаты түрде марапаттау кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев топан сумен күреске күштік құрылымдардың 63 мыңнан астам қызметкері атсалысқанын атап өтті.

Солай жан аямай әрекет еткендердің қатарына Батыс Қазақстан облысы ПД Орал қалалық Полиция басқармасының жедел криминалистикалық бөлімі бастығының орынбасары, майор Фархат Сейлевті де жатқызуға болады. Оның екі айдан аса уақыт бұрын жасаған әрекеті әлі күнге дейін айтылып келеді.

Фархат Сейлев 13 сәуірде «Автожол-1» саяжайының су басқан аумағында қызметте жүргенде бір әйелді байқап қалады. Ол үйінен шыға алмай қалған. Яғни денсаулығына байланысты өз бетінше эвакуациялануға мүмкіндігі болмапты.

Полиция майоры әйелді қауіпсіз жерге шығарып, ауруханаға жеткізуге көмектесті. Сейлев одан кейін су басқан аумақтарды патрульдеуді жалғастырып, әрі қарай қызметіне кірісіп кеткен.

0
0
394

Осы тақырып бойынша

Су тасқыны кезінде науқас әйелді құтқарған полицей - Yvision.kz