Мазмұнға өту

Жаңа

Алғыс айту күнімен тұспа - тұс келген партияның құрылған күні.

Алғыс айту күнімен тұспа - тұс келген партияның құрылған күні. Көктем басында“Nur Otan” партиясы Алатау аудандық филиалы Қазақстандағы Дүнген бизнес қауымдастығымен бірлесе отырып, қауымдастық өкілі И.Масановтың ұсынысымен аудан Ардагерлеріне Алғыс хат пен кішігірім кәде сыйлар табыс етілді! «Баталы сөз - балаға азық» болады демекші ақсақалдар баталарын беріп, ыстық лебіздерін білдірді. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын! Баршамызға бақытты, өскелең және бейбіт болашақ тілейміз!

0
0
175

1 Наурыз - Партия күні мерекесіне орай «Nur Otan» партиясыАлатауаудандық филиалындажастарды қабылдау

Бүгін Партияның жаңа өкілдерінің қатары - сайлау науқаны кезінде белсенділік танытқан жастармен тағы да толықтырылды. 1 Наурыз - Партия күні мерекесіне орай «Nur Otan» партиясы Алатау аудандық филиалында жастарды партия қатарына қабылдаудың салтанатты рәсімі өтті . Рәсімді аудан әкімі, филиал төрағасы А.Қалдыбеков өткізді. Партияның жаңа мүшелеріне - жастарға болашақта атқарар істеріне сәттіліктер тілеп, ыстық лебіздер айтылды. @nur_otan_almaty @sagintayev.b @nur_otan

0
0
237

Алатау ауданының әкімі А. Қалдыбеков тұрғындарымен онлайн қабылдауы

«Nur Otan» партиясы Алатау аудандық филиалында аудан әкімі А. Қалдыбеков тұрғындарымен онлайн форматта қабылдау өткізді. Тұрғындар тарапынан әр түрлі бағыттағы сұрақтар қарастырылды. Мәселен, жол құрылысы, жұмысқа тұру, тұрғын үй, жер және азық—түлікке көмек сұрау т.б. сұрақтар болды. Қарастырылған мәселелері мен сұрақтары бойынша аудан тұрғындары қанағаттанарлық ақпараттарын алды. Сонымен қатар қатысулар тарапынан ұсыныстар да айтылды.

0
0
263

Алатау ауданы Байбесік ықшам ауданына тұрғындарға уәде бойынша мәселелердің шешімін талқылауда

#Repost @nurym_tau (@get_repost) ・・・ Бүгін, Алатау ауданы Байбесік ықшам ауданына тұрғындарға уәде бойынша бір апта бұрын көтерілген мәселелердің шешімін талқылауға, Мәслихаттың Көлік және коммуналдық инфрақұрылым комиссиясы төрағасы @esen_talbidin Есенкелді мырза, комиссия мүшелері @bopeshkin Ақбөпе ханым және мен ``қайталап`` кездесу өткіздік. Кездесуге депутаттардың шақыруымен қалалық Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы бөлім басшысы Ермек мырза және Алатау ауданы әкімдігінің жауапты қызметкерлері қатысты. Өткен жиында өзекті мәселелер ретінде кәріз жүйесі, жаңа ауыз су құбыры, көшені жарықтандыру, балалар алаңы сияқты сұрақтар көтерілген еді. Шешімі: 1. Кәріз жүйесі – Оң шешілді. Алматы Су мекемесіне қосу құнын (9000тг шамасы деді) төлеп, акт алып қосыла беруіне болат…

0
0
313

Әйел теңдігін ұран еткен қазақ газеті

ХХ ғасырдың алғашқы жартысынан-ақ көтеріліп келген бұл мәселе кейбір мемлекеттерде әлі күнге дейін шешімін таба алмай жатқаны өкінішті. Әйел теңдігі жайында алғаш рет пікірін ортаға салып, маңыздылығын ескерген Алаш азаматтары еді. Тіпті, сол кезеңнің өзінде-ақ әйел теңдігін насихаттайтын басылымдардың пайда болуы қазақ арасында әйелге деген көзқарастың қалыптасқанын байқатады. Солардың ішінде барлық әйелдерге арнап басылып шығарылған - «Жетісу әйелі» журналы. «Жетісу әйелі» журналының шығу мерзімі жайлы деректер әртүрлі. Жазушы Л. Ахметованың «Қарлығаш қаламдастар» кітабында 1923 жылдың қаңтарында шыққан деген деректер келтірілген. Сондай-ақ Қ. Аллабергеннің «Тарих және баспасөз» кітабында журналдың нақты шығу мерзімі 1923 жылы, 23 қаңтар деген дерек кездеседі. Аталмыш журналдың редактор…

0
0
962

Бүгінгі кейіпкеріміз – Октябрь Жарылғапов

Биыл еліміздің өз тәуелсіздігін алғанына 30 жыл толады. Осыған орай, «Nur Otan» партиясы қазақ спортына еңбегі сіңген даңқты спортшылар мен бапкерлерді насихаттау, олардың жеңісті жолдарын үлгі ету бағытында ақпараттық жұмысты қолға алды. Бүгінгі кейіпкеріміз – Октябрь Жарылғапов. Қасиетті Түркістаннан түлеп ұшқан өрен жоғары оқу орнында бiлiм алып жүрген кезiнде спортпен айналысуға шындап ден қояды. Әсiресе, волейболға деген қызығушылығы өте жоғары едi. Күндiз-түнi жаттығу залынан шықпаған түркiстандық тастүлек жоғары оқу орындары арасындағы жарыстарға қатысып, мамандардың көзiне түседi. Алдымен «Авангард», ал, 1956 жылы жаңадан құрылған «Буревестник» командасына қабылданады. 1955-1958 жылдары республика чемпионы атанды, Қазақстан құрама командасы мен «Буревестниктiң» жаттықтырушысы, кап…

0
0
787

«Nur Otan» партиясы Созақ аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде кезекті қабылдау өтті

«Nur Otan» партиясы Созақ аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде кезекті қабылдау өтті. Созақ аудандық мәслихатының депутаты Майусова Нұржамал Әбілжанқызы және аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Байзақов Дулат Есалыұлы ауыл тұрғындарын жеке мәсәлелері бойынша қабылдады. Тұрғындар негізінен әлеуметтік көмек, тұрақты жұмысқа орналасу, тұрғын үй құжаттарын рәсімдеу және ауданның орталық көшелеріндегі жол белгілері, көшелерді жарықтандыру, тас жол төсеу мәселелері бойынша өтініштерін білдірді. Қоғамдық қабылдау барысында бірқатар өзекті мәселелер өз шешімін тапты. Сондай- ақ қалған көтерілген мәселелер бойынша ҚР заңдарына сәйкес тиісті жауаптар беріліп, мәселелер бақылауға алынды.

0
0
243

Көшпелі қоғамдық қабылдау "ГРОДЕКОВО" БПҰ-дa

Аудан әкімінің ауыл тұрғындарымен кездесіп, халықтың әл-ауқатымен хабардар болу және олардың мәселелерін шешу тұрғысында қолға алынған көшпелі қоғамдық қабылдау бүгін «Гродеково» бастауыш партия ұйымында өтті.Елімізбен қатар тұтас әлемді дүрліктірген коронавирус індетіне байланысты аталмыш іс-шарада барлық санитарлық талаптардың сақталғандығын айта кеткен жөн. Көшпелі қоғамдық қабылдауға келген бірқатар ауыл тұрғындары жеке сауалдарын қойса, енді бірі жалпы халыққа ортақ ауыл мәселелерін көтерді.Қабылдау барысында ауылдық округ тұрғындары көтерген әртүрлі өзекті мәселелерді шешу бойынша аудан әкімі тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар берді.Айта кетейік, билік пен халық арасындағы байланысты нығайту мен ел арасында шешімін күткен мәселелерді оңтайлы шешудің төте жолына айналған көшпелі қ…

0
0
320