Поэзия жанашырлары бір арнаға тоғысқан күн
Жақында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының "Жастар ресурстық орталығы" және "Саттар Ерубаев атындағы шығармашыл жастарды қолдау қорының" бастамасымен "Наурыз айы туғанда" онлайн көркем сөз оқу байқауы жеңімпаздарының марапаттау рәсімі өтті.Аталмыш байқауға жалпы саны 16 аудан, қаладан 50 жас қатысты. Екі кезеңнен тұратын байқаудың ақтық кезеңіне 15 қатысушы іріктеліп алынды. Алғашқы кезеңде қатысушылар салт-дәстүр, ұлттық игіліктер тақырыбы аясында 1 минуттық видеосын арнайы хэштегтер арқылы өз парақшасына жүктеді. Үздік деп танылған 15 қатысушы екінші кезеңге өтті. Бұл кезеңде қатысушылар Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай тәуелсіздік, азаттық тақырыбы аясында жырларды жатқа оқып, байқау ұйымдастырушыларының көрсетілген нөміріне жолдап, 5-15 сәуір аралығында @turkistan…