Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алатау ауданы Байбесік ықшам ауданына тұрғындарға уәде бойынша мәселелердің шешімін талқылауда

#Repost @nurym_tau (@get_repost) ・・・ Бүгін, Алатау ауданы Байбесік ықшам ауданына тұрғындарға уәде бойынша бір апта бұрын көтерілген мәселелердің шешімін талқылауға, Мәслихаттың Көлік және коммуналдық инфрақұрылым комиссиясы төрағасы @esen_talbidin Есенкелді мырза, комиссия мүшелері @bopeshkin Ақбөпе ханым және мен ``қайталап`` кездесу өткіздік. Кездесуге депутаттардың шақыруымен қалалық Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы бөлім басшысы Ермек мырза және Алатау ауданы әкімдігінің жауапты қызметкерлері қатысты. Өткен жиында өзекті мәселелер ретінде кәріз жүйесі, жаңа ауыз су құбыры, көшені жарықтандыру, балалар алаңы сияқты сұрақтар көтерілген еді. Шешімі: 1. Кәріз жүйесі – Оң шешілді. Алматы Су мекемесіне қосу құнын (9000тг шамасы деді) төлеп, акт алып қосыла беруіне болатыны туралы хабарланды. 2. Ауыз суының жаңа құбыры- Мердігер компанияның соңғы құралдарды өткізіп беруіне байланысты 10 күннен кейін тұрғын, есептеуіш құралын алып Алматы Су мекемесінен жеке есептік шот нөмерін алып қосыла алатын болды. 3. Көше шамдары – Сәуір айының соңына дейін тұрған бағаналардағы барлық шамдар қосылады, қосымша бағана қоюды арнайы жұмыс тобы шығып қарайтын болды. 4. Балалар және спорт алаңы - Алатау ауданы әкімі @kaldybekov_azamat Қалдыбеков Азамат мырза өз жеке бақылауына алып, қалалық әкімдікке таныстырғанын және салатын жерге қатысты заңдық мәселелерді қарастырып бастағанын, оң шешімін табуға ат салысатынын айтты. _____ Халықтың мәселесі, біздің мәселе‼️ Осындай көшпелі кездесулерді комиссиямыз әр ауданда тұрақты өткізіп тұратын боламыз. __ @maslihat_almaty #халыкпенкездесу #маслихаталматы #байбесик #nurymbektau

0
0
286

Осы тақырып бойынша

Алатау ауданы Байбесік ықшам ауданына тұрғындарға уәде бойынша мәселелердің шешімін талқылауда - Yvision.kz