ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

«Nur Otan» партиясы Созақ аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде кезекті қабылдау өтті

«Nur Otan» партиясы Созақ аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде кезекті қабылдау өтті. Созақ аудандық мәслихатының депутаты Майусова Нұржамал Әбілжанқызы және аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Байзақов Дулат Есалыұлы ауыл тұрғындарын жеке мәсәлелері бойынша қабылдады. Тұрғындар негізінен әлеуметтік көмек, тұрақты жұмысқа орналасу, тұрғын үй құжаттарын рәсімдеу және ауданның орталық көшелеріндегі жол белгілері, көшелерді жарықтандыру, тас жол төсеу мәселелері бойынша өтініштерін білдірді. Қоғамдық қабылдау барысында бірқатар өзекті мәселелер өз шешімін тапты. Сондай- ақ қалған көтерілген мәселелер бойынша ҚР заңдарына сәйкес тиісті жауаптар беріліп, мәселелер бақылауға алынды.