ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Көшпелі қоғамдық қабылдау "ГРОДЕКОВО" БПҰ-дa

Аудан әкімінің ауыл тұрғындарымен кездесіп, халықтың әл-ауқатымен хабардар болу және олардың мәселелерін шешу тұрғысында қолға алынған көшпелі қоғамдық қабылдау бүгін «Гродеково» бастауыш партия ұйымында өтті.

Елімізбен қатар тұтас әлемді дүрліктірген коронавирус індетіне байланысты аталмыш іс-шарада барлық санитарлық талаптардың сақталғандығын айта кеткен жөн. Көшпелі қоғамдық қабылдауға келген бірқатар ауыл тұрғындары жеке сауалдарын қойса, енді бірі жалпы халыққа ортақ ауыл мәселелерін көтерді.

Қабылдау барысында ауылдық округ тұрғындары көтерген әртүрлі өзекті мәселелерді шешу бойынша аудан әкімі тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар берді.

Айта кетейік, билік пен халық арасындағы байланысты нығайту мен ел арасында шешімін күткен мәселелерді оңтайлы шешудің төте жолына айналған көшпелі қоғамдық қабылдау алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Аудан әкімі қабылдауға келген тұрғындарды келе жатқан әз Наурыз мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Жиын соңында ауылдың бүгінгі жай-күйінен ақпар алып, кездесу барысында түскен ұсыныстарды алдағы уақытта бақылауда ұстайтынын жеткізді. Осындай шараның көп өтуін сұраған көпшілік ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.