ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Бүгінгі кейіпкеріміз – Октябрь Жарылғапов

Биыл еліміздің өз тәуелсіздігін алғанына 30 жыл толады. Осыған орай, «Nur Otan» партиясы қазақ спортына еңбегі сіңген даңқты спортшылар мен бапкерлерді насихаттау, олардың жеңісті жолдарын үлгі ету бағытында ақпараттық жұмысты қолға алды.

Бүгінгі кейіпкеріміз – Октябрь Жарылғапов. Қасиетті Түркістаннан түлеп ұшқан өрен жоғары оқу орнында бiлiм алып жүрген кезiнде спортпен айналысуға шындап ден қояды. Әсiресе, волейболға деген қызығушылығы өте жоғары едi. Күндiз-түнi жаттығу залынан шықпаған түркiстандық тастүлек жоғары оқу орындары арасындағы жарыстарға қатысып, мамандардың көзiне түседi. Алдымен «Авангард», ал, 1956 жылы жаңадан құрылған «Буревестник» командасына қабылданады. 1955-1958 жылдары республика чемпионы атанды, Қазақстан құрама командасы мен «Буревестниктiң» жаттықтырушысы, капитаны әрi белдi ойыншысы болды. Октябрь бастаған оғландар алғашқыда төменгi лигада ойнағанымен, болашағы бар команда екенiн бiрден аңғартты. Одақ көлемiндегi байрақты бәсекелерде ерекше өнерiмен көзге түскен команда капитаны О.Жарылғапов 1961 жылы ең үздiк 24 волейболшының қатарына енiп, КСРО-ның спорт шеберi атағын алады. Команда мүшесi әрi бапкерi бола жүрiп, ерен еңбегiмен танылған ол талай талантты жастарды спортқа баулыды. 1962 жылы Қазақ мемлекеттiк физкультура институтын сырттай бiтiрiп, жоғары бiлiмдi бапкер атанды. Өзi тәмамдаған оқу орнында оқытушы, «Буревестник» командасында бапкер әрi капитан мiндетiн атқарған саңлақтың шәкiрттерi 1965 жылы кiл мықтылар өнер көрсететiн «А» тобында ойнап, 8-орынға ие болады. Волейбол сардары 1962 жылы Қазақ КСР-нiң, ал 1965 жылы КСРО-ның еңбек сiңiрген жаттықтырушысы атағына ие болды. Бұл кезеңде Октябрьдiң «Буревестнигi» одақтың «менмiн» деген командаларын мойындата бастады. Алматылықтар 1966 жылы төртiншi, 1967 жылы үшiншi, ал, 1968 жылы күмiс жүлдегер атанды. Жыл өткен сайын жоғары өрлеген команда мақсатына жетiп, 1969 жылы КСРО чемпионы атанып, абыройды аспандатты. Олимпиада және Еуропа чемпиондарын даптаған Жарылғаповтың есімі қазақ спорты тарихында мәңгі сақталады. Тәуелсіз Қазақстанның жасөспірімдері мен жастары осындай тұлғалардан үлгі алуы керек.

#Қазақстанныңтанымалспортшылары #ЗнаменитыеспортсменыКазахстана