Мазмұнға өту

Жаңа

Алдағы оқу жылында қандай мамандықтар сұранысқа ие болатыны айтылды

Еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында құжаттарды қабылдау басталды. 2024-2025 оқу жылында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 145 мың абитуриент қабылданады деп жоспарлануда. Оқу-ағарту министрлігіндегілердің хабарлауынша, бұл өткен жылмен салыстырғанда, 10 мың адамға көп екен.Мемлекеттік білім беру тапсырысы техникалық, яғни геология, машина құрастыру, энергетика, ІТ, металлургия, көлік және т.б. мамандықтар бойынша көбейтілді.Сонымен қатар, биыл үшінші жыл қатарынан колледж абитуриенттерді жұмысқа орналастыру міндеттемесімен кәсіпорындардың өтінімдері бойынша қабылдауда. Бұл жыл сайын еңбек нарығының сұранысына сай мамандықтарға 10 мың студентті қабылдауға мүмкіндік береді.Сондай-ақ осы жылдан бастап колледжге квота тізімі кеңейтіліп, арттырылады:I немесе II топ…

0
0
385

"Мен заңсыз сотталдым". Байжанов апелляциялық сотта өзінің кінәсі жоқ екенін айтты

Бүгін Қуандық Бишімбаевпен қатар оның қылмысын жасырды деген айыппен 4 жылға бас бостандығынан айырылған Бақытжан Байжановқа да қатысты апелляциялық сот өткізіліп жатыр.

Ол сөзін тағы да қағазға қарап оқып берді. Байжанов өзінің кінәлі еместігін айтып, "әділ сотқа деген сенімін қайтарып беруге көмектесуді" сұрады.

Сотта оның жұбайы Айнұр да сөйледі. Ол кішкентай үш баланың әкесін ақтауды өтінді. Бұл отбасының ниесилері, ипотекасы бар екен. Балаларының біріне екі рет ота жасалыпты. Және отағасы олардың жалғыз асыраушысы болып тұр.

0
0
525

Алматыда автобус үйшікке соғылып, соның салдарынан бір адам қаза тапты

Алматыда автобус жол апатына ұшырады.

Фото: kris_p_almata

Соның салдарынан бір адам қаза тауып, 16 адам зардап шеккен.

Қоғамдық көлік жүргізушісінің айтуынша, оның алдын KIA кроссовері кесіп өткен соң тізгінге ие бола алмай, автобус тротуардағы "күзет үйшігіне" барып соққан.

Оқиғаға қатысты қызмыстық іс қозғалды.

0
0
311

Түркістан облысындағы балабақшада бүлдіршіндер жаппай тамақтан уланды

Оқиға 24 маусымда Түркістан облысы Келес ауданындағы жекеменшік балабақшада болған.

Фото:ult.kz

Таңғы астан кейін бірер сағаттан соң 34 бала өздерін жайсыз сезініпті.

Ауруханаға түскендердің көбі үйлеріне жіберілді. Зардап шеккен үш бала жұқпалы аурулар бөлімінде емделіп жатыр.

Олардың жағдайы тұрақты. Уланудың нақты себебі зертханадағы тексеруден кейін белгілі болады.

0
0
313

Үкімет медициналық инфрақұрылымға кешенді жетілдіру жұмыстарын жүргізеді

Елімізде медициналық инфрақұрылымды жетілдіру және азаматтарды медициналық сақтандыру жүйесімен қамтуды кеңейту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Премьер-министр орынбасары Тамара Дүйсенова мәлімдеді.Өңірлерде МӘМС жүйесіне тарту үшін азаматтардың мәртебесін нақтылау жөніндегі жұмысты тиімді үйлестіруге тиісті штабтар құрылды. Вице-премьер дамыған елдердің тәжірибесі бойынша сақтандыру жүйесі 3 негізгі міндетті шешетінін атап өтті: клиникаларда пациенттерді емдеу үшін ең жақсы жағдай жасау, мемлекеттің, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің азаматтардың денсаулығын қорғау жөніндегі ортақ жауапкершілігі, жұмыстың ынтымақты қағидаты есебінен медициналық көмектің барлық түрлерінің қолжетімділігі.«Қазір Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында біз осы озық…

0
0
249

Жамбыл облысында сотталған әйелдер су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға көмек көрсетіп жатыр

Биыл еліміздің бірқатар өңірлері су тасқынынан қатты зардап шеккені белгілі. Енді соның зардаптарын жоюға ауқымды жұмыс күшін тарта отырып, құрылыс және қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру процесі жүргізіліп жатыр.Өз кезегінде облыс прокуратурасының ұсынысы бойынша әкімдік қаражат іздестіріп, зардап шеккен өңірлерге көмек көрсету үшін демеушілер жұмылдырылды.Бөлінген қаражатқа пробациялық бақылаудағы сотталғандар жұмысқа тартылды.Қазір 10 әйел «Dana del» ЖШС облыстың жетекші тоқыма кәсіпорындарының бірінде «тігінші» және «пішуші» курстарында оқиды.Кәсіпорын арнайы киімдер мен төсек орындарды (матрацтар, жаймалар және т.б.) тігуге тапсырыстарды орындауға кірісті.Бұл жұмыс сотталғандарды қайта әлеуметтендіру, оларды қоғамдық еңбекке тарту, жалақы алу, жауапк…

0
0
240

Атырау әкімі: «Бюст желдің әсерінен құлауы мүмкін емес»

Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин жеті жасар қыздың өліміне әкеп соққан Жеңіс саябағындағы қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Фото: azh.kzБюсттер туралы қысқаша айта кетсек: 2020 жылдың 9 мамырында Жеңіс саябағында «Естелік аллеясы» ашылды, онда Ұлы Отан соғысы батырларының 14 бюсті орнатылды - Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһармандары және «Даңқ» орденінің толық иегерлері бар. Бюсттер гранит тұғырларға орнатылып, ардагерлердің есімдері қашалған. «Естелік аллеясында» батырлардың бюсттері кәсіпкерлер мен демеушілердің қаражатына орнатылды. Олар Орал қаласында жасалған. Мемлекет бір тиын да жұмсаған жоқ. Мен өзім тәжірибелі құрылысшымын, сондықтан мұндай ауыр бюст қалай құлап кеткені өзім үшін де жұмбақ. Қазір қайғылы оқиға орнында болып, мамандарды шақырдым. Бюсттерді өзім итеріп кө…

0
0
389

Бишімбаевқа қатысты апелляциялық сот отырысы өтіп жатыр

Бүгін Астанада әйелін қатыгездікпен өлтірді деген айыппен 24 жылға сотталған экс-шенеунік Қуандық Бишімбаевқа қатысты апелляциялық сот отырысы басталды.

Фото: t.me/satzhangram

Адвокат Ерлан Ғазымжанов Бишімбаевқа қатысты үкімнің күшін жоюды сұрады. Сөйтіп, соттың бірінші инстанциясындағы олқылықтарды атап өтті. Олар алқа билерді іріктеуден басталады екен.

Ғазымжановтың айтуынша, алқа билерді таңдау барысында Бишімбаев пен Байжановтың жасындағы балалары бар төрт үміткерді судья Айжан Көлбаеваның өзі шығарып тастаған. Ал хаттамада олар өздері бас тартты делініпті.

"Осы төрт үміткердің бірі негізгі құрамға енуі мүмкін болатын. Сонда үкім мүлдем басқаша болар еді", - дейді адвокат.

Сондай-ақ Ғазымжанов көптеген өтініштерін судья қабылдамай қойғанын айтты.

0
0
237

Атырауда кішкентай қызды ескерткіш басып қалды

Атырауда кешегі нөсер жауын кезінде Жеңіс саябағындағы соғыс ардагерлерінің бірінің ескерткіші жеті жасар қыздың үстіне құлады.

Қыздың отбасы аталған саябақта серуендеп жүргенде аяқ астынан жаңбыр құйып кеткен.

Ауыр жарақат алған жеткіншек облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Оқиғаның жай-жапсары кейінірек хабарланады.

t.me/guwonline

0
0
346

Атырауда қатты желден электр бағаналары құлады

25 маусым күні сағат 21:30 шамасында Гагарин көшесі мен Байтұрсынов көшесі қиылысында желдің қатты жылдамдығы әсерінен электр желісіндегі 3 бағана құлады.

Сол себептен аймақтың кей бөлігінде жарық жоқ. Осыған байланысты жедел түрде бригада ұйымдастырылып, электр қуатын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Толықтай электр жарығын қосу уақыты қосымша хабарланады.

https://t.me/atyraujaryk

0
0
398