Мазмұнға өту

Жамбыл облысында сотталған әйелдер су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға көмек көрсетіп жатыр

Биыл еліміздің бірқатар өңірлері су тасқынынан қатты зардап шеккені белгілі.

Енді соның зардаптарын жоюға ауқымды жұмыс күшін тарта отырып, құрылыс және қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру процесі жүргізіліп жатыр.

Өз кезегінде облыс прокуратурасының ұсынысы бойынша әкімдік қаражат іздестіріп, зардап шеккен өңірлерге көмек көрсету үшін демеушілер жұмылдырылды.

Бөлінген қаражатқа пробациялық бақылаудағы сотталғандар жұмысқа тартылды.

Қазір 10 әйел «Dana del» ЖШС облыстың жетекші тоқыма кәсіпорындарының бірінде «тігінші» және «пішуші» курстарында оқиды.

Кәсіпорын арнайы киімдер мен төсек орындарды (матрацтар, жаймалар және т.б.) тігуге тапсырыстарды орындауға кірісті.

Бұл жұмыс сотталғандарды қайта әлеуметтендіру, оларды қоғамдық еңбекке тарту, жалақы алу, жауапкершілік пен патриотизм сезімін тәрбиелеу процесіне ықпал етеді.

Алдағы уақытта облыс әкімдігі шығарған барлық өнім гуманитарлық көмек ретінде зардап шеккен өңірлерге жіберілетін болады.

 

Жамбыл облысының прокуратурасы

0
0
206

Осы тақырып бойынша

Жамбыл облысында сотталған әйелдер су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға көмек көрсетіп жатыр - Yvision.kz