Мазмұнға өту

Бишімбаевқа қатысты апелляциялық сот отырысы өтіп жатыр

Бүгін Астанада әйелін қатыгездікпен өлтірді деген айыппен 24 жылға сотталған экс-шенеунік Қуандық Бишімбаевқа қатысты апелляциялық сот отырысы басталды.

Фото: t.me/satzhangram


Адвокат Ерлан Ғазымжанов Бишімбаевқа қатысты үкімнің күшін жоюды сұрады. Сөйтіп, соттың бірінші инстанциясындағы олқылықтарды атап өтті. Олар алқа билерді іріктеуден басталады екен.

Ғазымжановтың айтуынша, алқа билерді таңдау барысында Бишімбаев пен Байжановтың жасындағы балалары бар төрт үміткерді судья Айжан Көлбаеваның өзі шығарып тастаған. Ал хаттамада олар өздері бас тартты делініпті.

"Осы төрт үміткердің бірі негізгі құрамға енуі мүмкін болатын. Сонда үкім мүлдем басқаша болар еді", - дейді адвокат.

Сондай-ақ Ғазымжанов көптеген өтініштерін судья қабылдамай қойғанын айтты.

0
0
190

Осы тақырып бойынша