Мазмұнға өту

Атырау әкімі: «Бюст желдің әсерінен құлауы мүмкін емес»

Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин жеті жасар қыздың өліміне әкеп соққан Жеңіс саябағындағы қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Фото: azh.kz

Бюсттер туралы қысқаша айта кетсек: 2020 жылдың 9 мамырында Жеңіс саябағында «Естелік аллеясы» ашылды, онда Ұлы Отан соғысы батырларының 14 бюсті орнатылды - Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһармандары және «Даңқ» орденінің толық иегерлері бар. Бюсттер гранит тұғырларға орнатылып, ардагерлердің есімдері қашалған.
«Естелік аллеясында» батырлардың бюсттері кәсіпкерлер мен демеушілердің қаражатына орнатылды. Олар Орал қаласында жасалған. Мемлекет бір тиын да жұмсаған жоқ. Мен өзім тәжірибелі құрылысшымын, сондықтан мұндай ауыр бюст қалай құлап кеткені өзім үшін де жұмбақ. Қазір қайғылы оқиға орнында болып, мамандарды шақырдым. Бюсттерді өзім итеріп көрдім, қозғалмайды. Сондықтан бюст желдің әсерінен құлауы мүмкін емес деп ойлаймын, тексеріп жатырмыз», – дейді Шәкір Кейкин.
Әкім жағдайды бақылауда ұстайтынын және құзырлы органдармен бірлесіп тексеру жүргізіп жатқанын айтты.
t.me/guwonline

Атырауда жеті жасар қыздың соғыс ардагері мүсінінің астында қалып көз жұмғаны туралы бұрынырақ хабарлағанбыз.

0
0
341

Осы тақырып бойынша