Мазмұнға өту

Жаңа

Өткен жылдан бері іздеуде жүрген қазақстандық Қырғызстанда ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2023 жылдан бері іздеуде жүрген «У-ды» ұстап, ол Алматы қаласы ПД уақытша ұстау қапасына қамалды.Ол бұрын сот үкімімен тәркіленген үш үй мен екі пәтер түріндегі мемлекеттік мүлікті жымқырды деген күдікке ілінген.Алаяқтық Алматы қаласы бойынша әкімдік пен ҰҚКД лауазымды адамдарының қатысуымен бақылаудағы адамдарға жалған төмен бағамен және белгіленген сауда-саттықсыз жылжымайтын мүлікті сату жолымен жасалған.«У» осы жылдың 14 маусымында Бішкек қаласында ұсталғаннан кейін ол Қырғыз Республикасы ІІМ қызметкерлеріне жеңілдетілген рәсімдер бойынша өз еркімен Отанына оралуға дайындығы туралы хабарлады.Сол күні Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің сүйемелдеуімен «У» азаматы Қырғыз Республикасының шекарас…

0
0
730

Әлеуметтік қордан азаматтарға 50 мың теңгеден төленетіні рас па?

1949-1998 жылдар аралығында туған Қазақстан азаматтарына осы жылдың 26 маусымынан бастап белгісіз әлеуметтік қордан 50 000 теңге аударылатыны туралы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Қаражатты аудару үшін белгісіз адамдар сілтемеге өтуді ұсынады.Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуге кеңес береміз.Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады.Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз.Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз.Қазақстан Ре…

0
0
683

Комиссия Кәрім Мәсімовке кешірім бермеуді ұсынды

Қазір жазасын өтеп жатқан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің Президенттен кешірім беруді сұрағаны туралы осы айдың басында айтылған еді.Фотоколлаж: khabar.kzБүгін Кешірім жасау жөніндегі комиссияның бұл мәселені қарап, Мәсімовтің өтінішін қанағаттандырмағаны белгілі болды. Бұл туралы комиссия басшысы, Мәжіліс депутаты Марат Бәшімов Facebook-тегі парақшасында жазды.Ол бұның Президентке ұсыныс қана екенін айтты. Ары қарай Мемлекет басшысының өзі шешеді.Айта кетейік, Кәрім Мәсімов 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған еді. 2023 жылы сәуірдің аяғында Астана соты оны мемлекетке сатқындық жасағаны, билікті күшпен басып алуға талпынғаны, билік пен қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін 18 жылға бас бостандығынан айырды.  Сондай-ақ Мәсімовке қатысты тағы Қылм…

0
0
496

Балқаш ыстық күнде сусыз қалды

Бұған қаланы сумен қамтып отырған басты сорғы станциясындағы апат себеп.

Балқаштың басты сорғы станциясында май айырғыш күйіп кетіп, трансформатор мен терең ұңғымадағы құрал істен шыққан. Осының салдарынан қалаға, Балқаш станциясы мен Қоңырат ықшамдауданына су беру уақытша тоқтатылды.

Апат зардаптарын жою жұмыстарына 16 адам мен 8 техника жұмылдырылған. Қала әкімі Сапар Сатаев әлеуметтік желіде жағдайды жеке өзі бақылауда ұстап отырғанын хабарлады.

Қазір басты резервуарға су толтырылып жатыр.  

«Ауыз су беруді 14:00-ге, апат зардаптарын жою жұмыстарын аяқтауды 21:00-ге жоспарлап отырмыз», – деді әкім.

Сондай-ақ ол ауыз судың әзірге көлікпен тасылатынын, оны кей тұрғындарға жоғары қабаттарға жеткізіп беруге еріктілер көмектесетінін айтты.  

0
0
595

ҰҚК тікұшағы Қазақстан-Қытай шекарасында өте жайсыз қонды

Оқиға сәрсенбі күні Достық бекетіне жақын маңда, Қытай аумағында болған.

Еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тікұшағы Қазақстан-Қытай шекарасында қиын жағдайға ұшырап, жайсыз қонды.

Құдай сақтап, адамдар дін аман. Яғни экипаж мүшелері зардап шекпепті. Бірақ тікұшақ оқиға орнынан әкетілмеген.

t.me/orda_kz

0
0
570

Сессия жабылып, Парламент каникулға кетті

Бүгін Парламенттің қос палатасының осы саяси маусымдағы соңғы бірлескен отырысы өтті. Онда депутаттар атқарылған жұмысты қорытындылады. Сөйтіп, VIII шақырылымдағы Парламенттің екінші сессиясы жабылды.Фото: egemen.kz«Палаталардың 5 бірлескен отырысы, Мәжілістің 39 жалпы отырысы және Сенаттың 43 жалпы отырысы өтті. Сессия барысында екі палатаның қарауында 179 заң жобасы болды. Оның 102-сі қабылданды. Сессия барысында депутаттар бірқатар маңызды заң жобасы бойынша Үкіметпен бірлесе жұмыс істеді. Біз басты қаржы құжатын – республикалық бюджетті қабылдадық.Біздің жұмысымызда сайлаушылармен тығыз байланыс орнатуға ерекше көңіл бөлінеді. Осы сессияда Парламент депутаттары 800-ге жуық елдімекенді аралап, 2000-ға жуық кездесу өткізді. Сессия барысында Сенат пен Мәжіліс депутаттары Үкімет пен басқа…

0
0
439

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтауы

Құрметті журналистер!Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!Еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары қоғам санасын жаңғыртып, ұлт тұтастығын нығайту жолында айрықша рөл атқарады. Баспасөз саласын дамыту, сондай-ақ журналистердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – мемлекеттің маңызды міндетінің бірі.Қазақ журналистикасының тағылымды тарихы, аға буын қалыптастырған ерекше қолтаңбасы бар. Біз оның бай шежіресі мен ағартушылық дәстүрін барынша сақтауымыз қажет. Бүгінгі ақпарат саласының өкілдері осы сабақтастықты лайықты жалғастырып, өзіне жүктелген жауапты миссияны абыроймен атқарып келеді.Сіздер қай кезде де халыққа шынайы әрі жедел хабар таратып, кәсіби біліктіліктің озық үлгісін көрсетіп жүрсіздер. Болашақта да елдік мәселелерді көтері…

0
0
794

Шымкент тұрғындары Қошқаратаға түсіп, ыстық күннен қорғанып жүр

Шымкент тұрғындары 40 градус ыстықтан қорғанудың жолын өзен-сулардан іздеп әлек.

Осы тұрғыда Қошқарата өзеніне шомылу үшінші мегаполистің көп халқы үшін жазда демалудың дәстүрлі амалына айналған.

Тұрғындар бұл өзеннің суы ыстық күнде адамды бір сергітіп тастайды деп отыр.

t.me/otyrarkz

0
0
570

Сенат адам саудасы құрбандарының құқығын қорғайтын заңды мақұлдады

Енді адамды құлдыққа салу, құлдыққа сатумен байланысты қылмыс бойынша жаза күшейеді. ІІМ дерегінше, елімізде жыл сайын осындай 150-ге жуық қылмыс тіркеледі. Оның ішінде адам саудасы құрбандарын жалдаумен және қанаумен айналысатын трансұлттық топтардың да заңсыз әрекеттерінің жолы кесіледі. @qazaqstantv

0
0
718

Бүгін еліміздің бірқатар БАҚ өкілдеріне берілген сый-сияпаттар

Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығы:1. «Казахстанская правда» республикалық газетінің бас редакторы – Сәбит Ғалымұлы Малдыбаевқа;2. «Turkistan» халықаралық газетінің бас редакторы – Бауыржан Бабажанұлы Өтеулиевке;3. «Интерфакс-Қазақстан» ақпараттық агенттігі» ЖШС бас редакторы – Елена Андреевна Преображенскаяға;4. «Astana aqshamy» республикалық қоғамдық-саяси газетінің шеф-редакторы – Төлен Зәрубайұлы Тілеубайға берілді;Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы гранты:1. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы «Ақорда» бағдарламасының авторы-продюсері – Ақерке Бағдабекқызы Бектасқа;2. «Хабар» агенттігі» АҚ арнайы тілшісі – Динара Киікбайқызы Жанбатыроваға;3. «Jibek joly» телеарнасының тілшісі – Әнуар Әлиұлы Кәрібозовқа;4. «Орал өңірі» газеті бас редакторының орын…

0
0
760