Мазмұнға өту
Обложка сообщества Қарағанды облысы

Балқаш ыстық күнде сусыз қалды

Бұған қаланы сумен қамтып отырған басты сорғы станциясындағы апат себеп.

Балқаштың басты сорғы станциясында май айырғыш күйіп кетіп, трансформатор мен терең ұңғымадағы құрал істен шыққан. Осының салдарынан қалаға, Балқаш станциясы мен Қоңырат ықшамдауданына су беру уақытша тоқтатылды.

Апат зардаптарын жою жұмыстарына 16 адам мен 8 техника жұмылдырылған. Қала әкімі Сапар Сатаев әлеуметтік желіде жағдайды жеке өзі бақылауда ұстап отырғанын хабарлады.

Қазір басты резервуарға су толтырылып жатыр.  

«Ауыз су беруді 14:00-ге, апат зардаптарын жою жұмыстарын аяқтауды 21:00-ге жоспарлап отырмыз», – деді әкім.

Сондай-ақ ол ауыз судың әзірге көлікпен тасылатынын, оны кей тұрғындарға жоғары қабаттарға жеткізіп беруге еріктілер көмектесетінін айтты.  

0
0
522

Осы тақырып бойынша