Мазмұнға өту
Обложка сообщества Атырау облысы

Атыраудағы балабақшада бүлдіршін септикке батып кетті

Баланы үйде ата-анасы, балабақшада тәрбиешісі қараусыз қалдырып жүре беретін заман болды бұл.

Фото: astanatv.kz

 

Атырауда төрт жасар бала септикке құлап кеткен. Бұл оқиға бүгін сағат 11-лер шамасында жекеменшік балабақшадағы серуен кезінде болыпты.

Осындай өкінішті жағдайды қалалық білім басқармасының басшысы Айнагүл Дүйсекенова растап отыр.

«Қайғылы оқиға Құрсай ықшамауданындағы «Чебурашка» жекеменшік балабақшасында болды. Қазір құзырлы органдар мән-жайды анықтап жатыр. Құрылтайшының түсініктемесін күтіп отырмыз. Қаза тапқан баланың отбасына көңіл айтамыз», – дейді ол.

Ал Атырау облыстық жедел жәрдем станциясы директорының орынбасары Нарғыз Әбдірахманованың айтуынша, бүлдіршінді әдеттегідей тәрбиешілер қараусыз қалдырған. Бала сол жерде жан тапсырыпты. Оның денесін септиктен балабақша қызметкерлері алып шыққан.

Баяғыда әжем «кішкентай баланы көзден таса қылмау» керек деп отырушы еді. Бүгінде соны айтатын адам қалмаған сияқты. Өйткені, өкінішке қарай, соңғы кездері үлкендердің салғырттығынан болатын осындай қайғылы жағдайлар көбейіп барады.

 

Дереккөз: zakon.kz

0
1
1128

Осы тақырып бойынша