Мазмұнға өту

Жаңа

Қоғамдық кеңесінің төрайымы Мусенова Роза Наурызбайқызы партия ғимаратында тұрғындарды қабылдады.

«Nur Otan» партиясы Мұғалжар аудандық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңесінің төрайымы Мусенова Роза Наурызбайқызы партия ғимаратында тұрғындарды қабылдады.

0
0
172

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ...

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс жүргізуде. Іс жүзіндегі тұжырымдама аясында 2028 жылдан бастап базалық зейнетақы төлемінен ең төменгі кепілдендірілген зейнетақыға көшу көзделгенін атап өткен жөн.Сондықтан ең төменгі кепілді зейнетақыны тағайындау тетігі, белгілі бір тұстарын жетілдіре отырып, базалық зейнетақыны тағайындаудың қолданыстағы әдістемесіне негізделген. Қазіргі уақытта келесі жайттарды қамтыған райда, ең төменгі кепілді зейнетақыны тағайындау тетігі қарастырылуда: – ең төменгі мөлшерді ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-нан 70%-на дейін ұлғайту ұсынылады; - қатысудың ең аз…

0
0
220

Жалғыз басты ананың баспанасы жөнделді

Олай дейтініміз кез-келген тығырыққа тірелген адам бірден «Nur Otan» партиясына жүгініп көмек сұрайды. Азаматтармен тығыз жұмыс жасайтын партияның қоғамдық қабылдау бөліміне түрлі мәселемен азаматтар үнемі хабарласады.Өз кезегінде партия азаматтардың арыз шағымдары мен мәселелерінің оң шешілуіне барынша күш салады. Бекітілген кесте бойынша түрлі басқарма басшылары депутаттар өзгеде сала мамандары азаматтарды қабылдайды.Осындай кезекті облыстық маслихаттың депутаты А.Т.Мамутованың қабылдауы кезінде Өскемен қаласы, Ульяновская көшесінде тұратын үш баланы тәрбиелеп отырған жалғыз басты ана А.Н.Қошқарбаева тұрмыстық мәселелерге байланысты көмек сұрады.«Мен бүгінгі таңда еш жерде жұмыс жасамаймын. Үшінші баламның денсаулығына байланысты жұмыс жасауға мүмкіндік болмай отыр. Сол себепті отын сум…

0
0
265

Бүгінгі «Жұлдыз» журналының мазмұндық, тақырыптық ерекшелігі

Бұл сөзімізге айқын дәлел болары-қазақ жазушыларының «Жұлдыз» әдеби-әлеуметтік журналы. Проза, поэзия, жас толқын, түрік дүниесі, сырсандық, сөз сәулесі сынды ерекше айдарларымен толықтырылған «Жұлдыз» журналы өткен мен бүгінгінің өзекті мәселесін тақырыпқа арқау етіп, оқырман қауымға тұрақты түрде өнегелік мазмұны басым материалдар ұсынуда.«Жұлдыз» журналының тақырыптары мен мазмұндық ерекшеліктерінің өзге басылымдармен салыстыра қарағанда қандай айырмашылықтары бар? Ол үшін журналда жарияланған бірқатар мақалалар мен жауқазын жырларды парақтап, мақаланың негізгі идеясына үңіліп көрдік.Біршама мақалаларды ақтарып отырып көзіме оттай басылғаны Әлібек Байболдың «Құпия оқулықта» не айтылған екен?» атты мақаласы болды. Иә, атауының өзі көпшілікке менмұндалап тұрғандай. Қазақ әдебиетіндегі ең…

0
0
245

Кітапты сүйіп оқы, көңілге түйіп оқы

Бұл сөздерімізге халқымыздың біртуар жазушысы Ғабит Мүсіреповтің мына салиқалы сөздері дәлел: «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік». Күнделікті уақытын кітап оқуға арнаған бала ешқашан ұтылмақ емес, керісінше ойлау көкжиегі кешегіден гөрі кеңейіп, сөз байлығы күн санап арта берері рас. Мектеп қабырғасында білім алатын оқушылардың күн сайын кітапханаға барып, кезекке тұруы, кітаптарды бірінен соң бірі қызығып оқуы көз қуантатын көрініс. Алайда, кейбір балалардың кітапқа ынтасы болмай, бос уақытының көп бөлігін әлеуметтік желіге арнайтыны айтпаса да түсінікті. Ал біз кітаптардың қай дәуірден бастап қолданысқа еніп, тарих бетінде бастау алғанын білеміз бе? Ендеше, іші мол қазынаға толған ғажайып кітаптарды…

0
0
353

Менің жазғы демалысым.

Жаз.Шуақты күндер.Айналаны өзінің сұлулығымен,әсемдігімен баурап алатын алуан-алуан гүлдер мен жан-жануар,аң-құстар.Жаз.Нағыз демалыс уақыты.Ауылдағы кездің нағыз жұмыстың қайнар уақыты.Оқушыларда оқу жылы біте салысымен абыр-сабыр боп,жазғы демалысын қайда,қалай өткізетінін ойлап бас қатыратын маусым айы.Үш ай уақыт. Маусым айы менің туылған күнімнен аяқталады өзіме осы ай өте қатты ұнайды.Мен үшін бұл ұзақ та,қысқа да мерзім.Осы үш айда мен өз уақытымды барынша қызықты өткіздім.Ата-анама қолғабыс етіп те,қыдырып та,сауатымды ашып та үлгердім.Маусым айында қорадағы отар қойларды бағып,әкеме неде болсын көмегімді тигіздім.Ауыл балаларымен қой бағып жүріп кей кездері әңгіме кіріп кетіп,қойдан алшақтау болып қалған кездерім де болды.Тіпті кейде қойларым үйге менен бұрын келіп қоятын. Бұлақт…

0
0
566

Отбасы тәрбиесі

Отбасы тәрбиесі Отбасы – адам баласының бүкіл өмірінің негізін құрайтын діңгегі дегім келеді. Отбасыны бір кішкентай «мемлекеттік ұя» деп бекер айтпаған. Бұл кішкене ғана мемлекет адамдардың туыстық қатынаста бірлесіп өмір сүретін ыстық, жанұялық орта болып табылады. Отбасы деген сөзді құлағың шалғанда, есіңе бірден жаныңа жақын, сенімен бірге бір шаңырақтың астында мекен еткен жақындарың есіне түседі. Бір ғана сөз, ал қаншама терең мағынаны алып жатыр. Отбасы – қоғамның тірегі, себебі ол адам баласының өсіп-өнер ең алғашқы ұясы, тәрбие, сана, адамгершілік қасиеттер, оның ішінде кішіпейілділік, қамқорлық, зеректілік, тектілік, ұстамдылық ,- осының бәрі отбасы деп аталатын мекеннен бастау алады. Дана халқымыз «Тәрбие – тал бесіктен»,-деп өсиет айтып кеткен болатын, менің ойымша бұл мақалды…

0
0
262

Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі мазмұнын талдау.

Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі мазмұнын талдау.(1925-1933жж.).Қазақстанда социализмнің бұрмалануы 1925 – 1933 жылдары Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болған Ф. И. Голощекиннің есімімен және қызметімен тікелей байланысты. Ол «қазақ ауылы», Қазан лебін сезінген жоқ, сондықтан «Кіші қазан» төңкерісін жасау қажет деген идеясын ұсынды. Голощекиннің бағыты елеулі қарсылыққа ұшырады, сол жағдайда ол И. В. Сталинге хат жазып, онда өлкелік партия комитеті бюросы бағытының өңін айналдыра баяндап берді. И. В. Сталин қысқа әрі мейлінше айқын жауап қайтарды, онда былай делінген еді: «Голощекин жолдас! Мен осы жазбаңызда белгіленген саясат негізінен алғанда бірден – бір дұрыс саясат деп ойлаймын И. Сталин». Осыдан бастап Голощекин идеясына жол ашылды.Голощекинні…

0
0
1286

«Қазақстандағы 1921-1922 жж., 1931-1933 жж. аштықтар: құжаттар, статистика, ақпарат»

«Қазақстандағы 1921-1922 жж., 1931-1933 жж. аштықтар: құжаттар, статистика, ақпарат»1921-1922 жылдардағы ашаршылық Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Кеңестер елін тағы бір ауыр сынақ күтіп тұрды. 1921-1922 жылдардағы ұзаққа созылған қарсыз қыс жауынсыз жазға ұласты. Қыста қардың, көктем мен жазда жауынның болмауы қатты құрғақшылықты, оның салдары ашаршылық нәубетін әкелді. 1921 жылдың жазында ол елдің көптеген өңірлерін, әсіресе Еділ бойы аудандарын жайлады. 1921 жылдың күзіне қарай бүкіл ел бойынша 20 млн астам адам аштыққа ұшырады.Етек алған ашаршылыққа байланысты РК(б)П Орталық Комитеті 1921жылғы 17 шілдеде партияның барлық мүшелеріне арнайы үндеу жолдады. «Ашаршылық, — делінді үндеуде, — тек құрғақшылықтың нәтижесі емес, оның себебі аграрлық сектордың артта қалуында, ауыл шаруашылық бі…

0
0
851

Менің атам -майдангер!

Менің атам -майдангер!Біз - бақытты жандармыз. Бейбіт заманда, тыныш күнде өмір сүріп жатырмыз. Әркімге де осы бейбіт күннің құны қаншалықты қымбат екендігі белгілі. Осы үшін де майдангерлерге шексіз алғыс айтамыз.Ұлы Жеңіс өздігінен келген жоқ. Еліміздің тәуелсіздігі мен тыныштығы бабаларымыздың арқасында орнады. Біз тек қана соғыстың жамандық пен қорқыныш алып келгендігін білеміз. Менің ойымша, қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заманның қадірін соғыстың алапат жалынын көрмеген адамға түсіну қиын. Ата-бабаларымыздың ерлігінің арқасында қазіргі ұрпақ бақытты күн кешуде. Ата, әжелеріміз нағыз батыр болғандығына тағы да көзім жетіп отыр. Олардың осындай іс-әрекеті ата-бабаларымыздың Отанға деген сүйінпеншілігінің, махаббатының өлімнен де күшті екендігін көрсетеді.Ата-анамның айтуынша, мен…

0
0
589