Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Отбасы тәрбиесі

Отбасы тәрбиесі

Отбасы – адам баласының бүкіл өмірінің негізін құрайтын діңгегі дегім келеді. Отбасыны бір кішкентай «мемлекеттік ұя» деп бекер айтпаған. Бұл кішкене ғана мемлекет адамдардың туыстық қатынаста бірлесіп өмір сүретін ыстық, жанұялық орта болып табылады. Отбасы деген сөзді құлағың шалғанда, есіңе бірден жаныңа жақын, сенімен бірге бір шаңырақтың астында мекен еткен жақындарың есіне түседі. Бір ғана сөз, ал қаншама терең мағынаны алып жатыр. Отбасы – қоғамның тірегі, себебі ол адам баласының өсіп-өнер ең алғашқы ұясы, тәрбие, сана, адамгершілік қасиеттер, оның ішінде кішіпейілділік, қамқорлық, зеректілік, тектілік, ұстамдылық ,- осының бәрі отбасы деп аталатын мекеннен бастау алады. Дана халқымыз «Тәрбие – тал бесіктен»,-деп өсиет айтып кеткен болатын, менің ойымша бұл мақалдың өзектігілі қай кезде болмасын өзінің мән-мағынасын жоғалтпайды. Тәрбие тал бесіктен беріліп, баланың бойына сіңеді. Сол себепті де, оның тәрбиесіне жете көңіл бөлген жөн.

0
0
229

Осы тақырып бойынша

Отбасы тәрбиесі - Yvision.kz