Менің жазғы демалысым.
Жаз.Шуақты күндер.Айналаны өзінің сұлулығымен,әсемдігімен баурап алатын алуан-алуан гүлдер мен жан-жануар,аң-құстар.Жаз.Нағыз демалыс уақыты.Ауылдағы кездің нағыз жұмыстың қайнар уақыты.Оқушыларда оқу жылы біте салысымен абыр-сабыр боп,жазғы демалысын қайда,қалай өткізетінін ойлап бас қатыратын маусым айы.Үш ай уақыт. Маусым айы менің туылған күнімнен аяқталады өзіме осы ай өте қатты ұнайды.Мен үшін бұл ұзақ та,қысқа да мерзім.Осы үш айда мен өз уақытымды барынша қызықты өткіздім.Ата-анама қолғабыс етіп те,қыдырып та,сауатымды ашып та үлгердім.Маусым айында қорадағы отар қойларды бағып,әкеме неде болсын көмегімді тигіздім.Ауыл балаларымен қой бағып жүріп кей кездері әңгіме кіріп кетіп,қойдан алшақтау болып қалған кездерім де болды.Тіпті кейде қойларым үйге менен бұрын келіп қоятын. Бұлақтың өзенге, өзеннің теңізге асыққанындай аптығып әрең жететінмін. Қой бағып жүріп күнделікті көріп жүрген жерлерім інжу-маржаннан алқа таққандай,көз тоймас көрнекті жерлер екендігін байқадым.Қой баққан сәтте өзімді кофе ішіп отырғандай емін-еркін сезінетінмін.Ех,маусым айындағы небір қызық кездерімді әлі де аңсаймын.Шілденің сарша тамыз ыссы кездері уақытымды қыдыруға арнадым.Кіндік атама көмектесеін деп өрік,қара жидек,шие жинауға көмектестім.Шілде айы мен үшін нағыз саяхаттайтын уақыт еді.
