Жалғыз басты ананың баспанасы жөнделді
Олай дейтініміз кез-келген тығырыққа тірелген адам бірден «Nur Otan» партиясына жүгініп көмек сұрайды. Азаматтармен тығыз жұмыс жасайтын партияның қоғамдық қабылдау бөліміне түрлі мәселемен азаматтар үнемі хабарласады.
Өз кезегінде партия азаматтардың арыз шағымдары мен мәселелерінің оң шешілуіне барынша күш салады. Бекітілген кесте бойынша түрлі басқарма басшылары депутаттар өзгеде сала мамандары азаматтарды қабылдайды.
Осындай кезекті облыстық маслихаттың депутаты А.Т.Мамутованың қабылдауы кезінде Өскемен қаласы, Ульяновская көшесінде тұратын үш баланы тәрбиелеп отырған жалғыз басты ана А.Н.Қошқарбаева тұрмыстық мәселелерге байланысты көмек сұрады.
«Мен бүгінгі таңда еш жерде жұмыс жасамаймын. Үшінші баламның денсаулығына байланысты жұмыс жасауға мүмкіндік болмай отыр. Сол себепті отын сумен және баспанама жөндеу жұмыстарын жүргізуге көмектессеңіздер деген өтінішпен келіп отырмын»- дейді жалғызбасыты ана.
Ананың өтінішін тыңдаған ШҚ облыстық мәслихаттың депутаты А.Т.Мамутова міндетті түрде көмектесетіндігін жеткізді. Арада бірнеше күн өткен соң депутат уәде еткендей, қысқа қажетті көмірмен ағаш отындары түсірілді. Сонымен қатар жалғызбасты ананың басты өтініші тұрып жатқан баспанасына жөндеу жұмыстарын жүргізу болатын. Ол жұмыста қолға алынып жөндеуге қажетті құрылыс материалдары жеткізіліп жөндеу жұмыстары басталды.
