Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі мазмұнын талдау.

Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі мазмұнын талдау.

(1925-1933жж.).

Қазақстанда социализмнің бұрмалануы 1925 – 1933 жылдары Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болған Ф. И. Голощекиннің есімімен және қызметімен тікелей байланысты. Ол «қазақ ауылы», Қазан лебін сезінген жоқ, сондықтан «Кіші қазан» төңкерісін жасау қажет деген идеясын ұсынды. Голощекиннің бағыты елеулі қарсылыққа ұшырады, сол жағдайда ол И. В. Сталинге хат жазып, онда өлкелік партия комитеті бюросы бағытының өңін айналдыра баяндап берді. И. В. Сталин қысқа әрі мейлінше айқын жауап қайтарды, онда былай делінген еді: «Голощекин жолдас! Мен осы жазбаңызда белгіленген саясат негізінен алғанда бірден – бір дұрыс саясат деп ойлаймын И. Сталин». Осыдан бастап Голощекин идеясына жол ашылды.

Голощекиннің «Кіші Қазан» төңкерісінің бағыты: 1) өлке өнеркәсібін ұсақ және орташа деңгейде дамыту; 2) өлкені шикізат базасы ету.

Саяси қуғын-сүргін Қазақстанда 1928 жылдың ортасынан Алаш қозғалысына қатысқан қайраткерлерді тұтқындаудан басталды. Оларға «буржуазияшыл-ұлтшыл» деген айып тағылды. Олар әртүрлі мерзімге түрмеге қамалды, ату жазасына кесілді, еріксіз жер аударылды. Ұлт қайраткерлеріне негізінен КСРО-ны құлату үшін жасырын контрреволюциялық ұйымдар құрды деген заңсыз жала жабылды. Сонымен қатар молдалар мен діндарларды «басқаша, бөтен ойлайтындар» деп айыптады.

Голощекиннің шығарған заңдарының бәрі өтірік коллективтендіру колхоздандыру деген сылтаумен қазақтың қолындағы 40 миллионнан аса мал болған сол кезде коллективтестіру деген сылтаумен қазақтың қолындағы малды тартып алған қазақтар бозып кеткен күн көре алмай шетелге қашқан Қытайға арғы Турция, Иранға, Өзбекстан, Ауғанстан. 40 миллион малдан ашаршылық жылдары қырылып қырылмағаны айдалып 4-ақ миллион қалған. Қазақстын бәрі ашаршылықта ұшырап 4-миллиондай қазақ қырылған Революции ға дейін.

Сонымен бірге Голощекин Қазақстанды басқарған жылдары ақылға қонымсыз салықтар ойлап шығарған, сүйек салығы, малдың мүйіз салығы, тері жүн салығы, күздін күні малдын терісін қырқтырған ол мал жаурап өлген күн суықта сол салықтың бәрін жинап алып еш нәрсеге жұмсатпай еш пайдасы жоқ нәрсе деп кейде өртеп жіберген. Мүйізге бола малды сойдырған , сүйек салығын тағы бірнеше ақылға қонымсыз салықтар салғызған соның кесірінен малды бекерге басқа қырған, біраз бөлігін Россияға жіберген малдын біраз бөлігін атып тастаған.Қолдан жасалған ашаршылықтан малда қазақта қырылып қалған, ұлт зиялылары білімі бар адамдарды ату жазасына кескен халық жауы деген сылтаумен, кейін олардын бәрі ақталып шығады қазақ қазаққа жау болған. Голощекин кезінде Елтай Ерназаров деген білімсіз басшылар басқарған қазақстанды сол кезде де қырылған көп қазақ. Голощекин ол Николай патшаның отбасын қыруға қатысқан адам, Николай патшаның отбасын атуға қатысқан адам ол содан кейін Қазақстан ды басқаруға келіп қазақтарды қырды, малды алды жанды алды ашаршылық ұйымдастырды халық жаулары кетті қаншама сол кезде.

0
0
1160

Осы тақырып бойынша