Мазмұнға өту

Жаңа

Мен неге өз блогымды аштым?


Мен өзім туралы жазғанда облыстық наркологиялық орталықта психолог болып жұмыс істейтіндігімді айтқанмын. Жұмыс барысында маған кәмелетке жасы толмағандармен де, бірталай жасты соңына тастаған ересек адамдармен де араласуға тура келеді. Олар менен өмірдегі әр түрлі мәселелер бойынша кеңес алады. Сондықтан олардың әрқайсысының жан дүниесін зерттеп, көңілін табуға тырысамын. Сол себепті жастардың ойын, олардың өмірін түсіну үшін мен қазақ тілді "Интернет" ресурстарға ден қоямын. Әлемнің шексіз екендігін айтқанмын. Өмірді толығымен танып-білген әзірше ешкім жоқ. Компьютердің тілін білгеніммен әзірше блогты көркемдеуді үйреніп жүрмін. Демек, адамның дүниені танып білуі көзі жұмылғанша тоқтамайды. Қазақтың ауыз және жазбаша әдебиетінде өмірді тануға бағытталған дүниелер жеткілікті.  

0
2
510

Менің тағы бір блогым жөнінде


Құрметті yvision.kz блоггерлері! Сіздердің назарларыңызға тағы бір өз блогымды ұсынамын. Мекен-жайы: http: //serikbais.blogspot.com/. Жалпы әрекет жасағанда кез-келген адамның ниеті позитивті болады. Бірақ ол дұрыс не бұрыс мінез-құлықта немесе социалды, не асоциалды болуы мүмкін. Өкінішке орай біз адамдардың ниетіне емес, оның мінез-құлқына назар аударамыз. Сол кезде түсінбестік туындайды. Әрбір адам бір кішкене әлем. Оны танып білу көп тер төгуді талап етеді.   

0
0
509

Коучинг туралы әфсана (кішкене әңгіме)

Бір адам теңіз жағалап келе жатқанда, алдынан толқынмен жағалауға шығып қалған миллиондаған теңіз жұлдыздарын көреді. Оны бір кішкентай қыз бір бірден теңізге қайтадан лақтырып жатыр екен. Адам оған: теңіз жұлыздары өте көп. Бәріне шамаң жете ме? деп сұрайды. Қыз болса, келесі теңіз жұлдызын теңізге қайтарып жатып: Мен дәл осы жұлдыздың тағдырын өзгертуге көп нәрсе жасадым депті. Демек коучинг маманының, ғылымының да көздегені осы. Бұларды жазып жатқаным, блог қолданушыларының өмір жаңалығы коучингтен де хабары болсын деген ізгі ниет. Блог бетінде қайта көріскенше!  

0
5
1964

Практикалық психология адамға несімен пайдалы?

Психология ілімінің сан түрлі бағыттарының бар екендігі белгілі. Мысалы оның, медициналық, педагогикалық, инженерлік, басқару және т.б. түрлері болады. Соның ішінде практикалық психология адамның өміріне ең жақын дүние. Бұл ілім арқылы адам өзін таниды, айналасындағылармен қарым-қатынас өнерін үйренеді, өмірде табысқа жету жолдарын ұғады. Егер блог қолданушыларының өмірде кездесетін түрлі проблемалары бойынша сауалдары болса, блог арқылы жауап беруге әзірлігімді білдіремін.

0
6
2711

Өзім және блог туралы

Құрметті менің блогымды қолданушылар! Мен Серікбай Смағұлұлы Қызылорда қаласында тұрамын. Облыстық наркологиялық орталықта дәрігер болып жұмыс істеймін. Облыс медицина қызметкерлеріне арнап "Сыр емшісі" атты медициналық газет шығарамын. Газет 1996 жылдан бастап жарық көріп келеді. Оған қоса қазақ тілінде практикалық психология және коучинг ілімімен айналысамын. Интернеттен қазақ тілінде жазатын психологиялық және есірткіге қарсы сйат немесе блог іздеп көрген едім. Таппадым. Мүмкін бар шығар. Мен бір жағынан дәрігер, екінші жағынан ҚР Журналистер Одағының мұшесі, журналист ретінде блогспоткомдағы "Серікбайдың жан тану блогына" қоса осы блогты да тіркеп отырмын. Алдағы кезде ҚҰдай жар болса, қазақ тілінде практикалық психология, коучинг және психикалық белсенді заттарға (ПБЗ) тәуелділіктің…

"Церковь саентология" дәрілері адам өміріне нұқсан келтіруі мүмкін

Осы жылдың 8 қазанында Алматы қаласы прокурорының санкциясымен саентологтарға тиеселі мекен жайларға тінту жұмыстары жүргізілді. Бұл жерлерден сеантологтармен байланысы бар адамдарға қатысты жеке және конфиденциалды сипаттағы көптеген ақпараттар сақталған мұражай, сондай ақ елімізге заңсыз әкелінген және сертификатталмаған шетелдік дәрі дәрмектер табылып тәркіленді. Дәрі-дәрмектер ешқандай тиісті құжаттарсыз сатылғаны да белгілі болды. Мамандардың алдын-ала қорытындысы бойынша олар адам өміріне едәуір нұқсан келтіруі мүмкін.ҚР ҰҚК Алматы қаласы боиынша департаменті Алматы қаласында орналасқан "Церковь саентология" діни бірлестігінің бірқатар басшыларына аса ірі көлемде заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқандары үшін қылмыстық іс қозғады.Осынау діниі бірлестіктің жұмысына көптеген елде ти…

0
0
481

Ұлыбританияда білім алғың келсе/Education in the UK 2008 Exhibition

25 October, Saturday – Almaty 10:00 – 18:00 Hyatt Regency Almaty, Academic Satpayev Avenue 29/6 27 October, Monday – Astana 10:00 – 18.00 Okan Intercontinental Hotel, Abay Avenue 113 Education in the UK 2008 exhibition is organised for the fourth time by the Kazakhstan Association of Educational Agents (KAEA)www.kaea.kz and is supported by the British Council Kazakhstan. 20 British education establishments, from English language centres to colleges and universities, will be represented at the fair. Everyone interested in UK educational opportunities is welcome to attend. British Council staff will be present at the fair as well and will be able to answer your queries about UK education. If you have any questions, please contact Nadezhda Anisimova, phone +7 (727) 2720 207, e-mailnadezhda.a…

0
2
699

Ресей журналистер өлімі жөнінен әлемде үшінші орында тұр/Russia is the third-deadliest country in the world for journalists

Ресей журналистер өлімі жөнінен әлемде үшінші орында тұр, - дейді CPJ зерттеушілері. Ингушетиядағы оппозициялық басылымның редакторы Магомед Евлов пен дағыстандық теле журналист Тельман Алишаевтыңтың өлімдерінен соң, 2000 жылдан бері қаза тапқан журналистер саны 16-ға жетті. 16 кісі өлімімінен тек біреуінде ғана "Новая газета" қызметкері Игорь Домниковтың өлімінен кейін кісі өлтіруші жазаға тартылған. Қандықол қылмыскерлер әлі де бостандықта жүр.Russia is the third-deadliest country in the world for journalists, according to CPJ research. With the recent murders of opposition editor Magomed Yevloyev in Ingushetia and television anchor Telman Alishayev in Dagestan, the toll has gone up to 16 journalist murders in since 2000 alone. Only in one of the 16 killings—that of Novaya Gazeta’s Igor…

0
6
772

Сәресіде береке бар, Кондолиза Райс!

Сәресіге тұрып, қалтафон арқылы поштамды тексере қояйын десем, Тоба, бірнеше адам үйіме келіп-кетіпті. Тіпті ыңғайсыз болды. "Нан ауыз тиіп кетіңдер" деп те айтпаппын. Шәууал айының алты күндік оразасы ғой. Аллаһ қабыл етсін!Дерлік, қазақша жазып тұрыңыз, оқимыз дегенге саяды. Ювижн ауылының тұрғындарын Кондолиза апамыздың киімі мен Нұр-атамыздың алтыннан жалатылған қоладан жасалған мүсіні қызықтырыпты. Шамасы "тірісінен" гөрі, жансызы жайлы сөз қозғасақ, қауіпсіздеу болады деген шығар."Нью Йорк таймс" "Қазақстан Батыс пен Шығыстың арасында тепе-теңдікті іздейді" деген мақала жариялапты. Әсілі, ресми саясат болса керек. Гүржістандағы соғыстан соң, көпвекторлы саясат деген әдірам қалды. Енді достарды іздейтін уақыт келді ғой. Бірақ саясатта дос деген ұғым жоқ. Әріптес бар. Біздің әріптесте…

0
7
1193

Есенбісің, ювижн?

Адасып-адасып, ақыры қай жерге жазу жазатынын таптым-ау. Бұны табамын дегенімше, жазамын деген ойларым, пыр-пыр ұшып кетті. Негізі әлгі даудың басы Нұрғисаның блогынан келіп шықты ғой. Әлгі күнге дейін "қазақ тілі" десе, төбе шашы тік тұратындарды түсінбеймін. Әйтеуір қалай да қазақ тілін керексіз қылып шығаруға бейім тұрады. Бұның ар жағында тұтас бір ұлтқа тіс көрсету жатқанын көрмей жүргендер қаншама.

Аллаһ разы болсын, қайта қазақ қаріптерін сәтті қондырып қойыпты.