ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Мөлтек сыр

Бүгін күнделігімді ақтарып отырып, төмендегі жазбаларды тауып алдым. Кейбірі тіпті қызық. Кейде өзіме ұқсаса, кейде ұқсамайтын тәрізді. Жалғыздық туралы жазыппын. Расында да, қызық екен. Осыншама мұң, өкініш кішкентай ғана жүрегіме қалай сиып кетті екен?...

... Мен жалғызбын... Қай жерге бас сауғаламасам да, қай панаға тығылмасам да, өзімді жалғыз сезінемін. «Жалғыздық тек құдайға жарасады» дейді. Бірақ та мен бәрібір жалғызбын...
Сырт көзге қанша көңілді болып көрінгім келсе де, ішім, жан-дүнием алай-дүлей болып жатады. Жоқ, «Мен бақытсызбын» деп тұрған жоқпын! Алайда...
«Бақыт» деген не өзі? Байлық, ақша, биік мансап па? Әлде басқа қонған бақ па? Мен үшін ата-анамның, туған-туыстарымның амандығы да - бақыт. Осы әлемде қара жерді басып жүруімнен де бақыт сезіледі. Бірақ кей кезде «Осылардың барлығы бір сәтте жоқ болып кетуі мүмкін» деген ой жанымды жегідей жейді. Ия, расында да, осының бәрі бір мезетте ғайып болуы мүмкін. Сол күннен қанша қорықсам да, бәрібір келіп жететіні хақ. Бұл – өмір заңдылығы. Біреулер о дүниеге кетіп жатады біреулер дүние есігін жаңа ашып жатады. Өлімнен қашу мүмкін емес. Жазмыштан озмыш жоқ дейді. Расында да, маңдайыңа жазылған тағдырды өзгерте алмайсың.

24.09.2007 жыл, сағат 22.05.

Неліктен адамдар сонша қатігез, өзімшіл болады? Неліктен «адам» деп жүретін пенделер бірін-бірі түсінбейді? Мүмкін олар түсінуге тырыспайтын да шығар. Неге адамдар өздеріне қажет кезде ғана жаныңнан шықпай, керек қылмаған кезде жаныңа да жоламай кетеді? Және де содан кейін саған келіп, ақыл үйретпек болады. Неліктен адамдар өз бойындағы кемшіліктеріне назар аудармай, басқа біреудің мінін іздеуге шебер? Осыларды түсінуге шамам жетер емес... Түсіне алмаймын...

27.11.2007 жыл, сағат 17.43.

... Түн болды... Бірақ әлі ұйқым келер емес.
Мен бақыттымын!!! Иә, шынында да мен бақыттымын! Мен мына өмірге ғашықпын! Өмірімнің әр минутына, секундына дейін бос өткізгім келмейді. Сұлулыққа ғашықпын мен!
Кейде көшеде мұңды адамдарды кездестіргенде, «адамдар неліктен осы өмірге көңілдері толмайды?» деп ойланамын. Расында да, солай ғой. Бақытты сәттерде мәз болып күліп жүреміз де, басқа уақытта үнемі тағдырға өкпемізді айтамыз да жүреміз. Ылғи да солай. Қолымыздан келмесе болды, өзімізді «тағдыр солай» деп тыныштандырамыз да жүреміз.
... Түн болды... Бірақ мен әлі отырмын. Түнмен сырласқым келеді, бірақ ол үндемейді. Сосын күнделігіме жазамын да, отырамын. Осы мен кейінгі кездері көп армандайтын болып кетіппін. Үнсіз отырып, армандаймын. Өзімнің болашағымды көз алдыма елестетіп көремін. Әрине, әрбір қыз баласы сияқты мен сүйгім келеді, сүйікті болғым келеді. Бала сүйгім келеді. Әлпештеп өсірген ата-анамның қиыншылық көрмей өмір сүргеніне септігімді тигізсем деймін...
Кейбір күндері осы өмірге сыймай кетем ғой мен! Мұқағали сияқты «Сәби болғым келеді». Мектептегі алғашқы күндерімді есіме түсіремін. Мектебім – менің алтын ұя мекенім, екінші үйім десем де болады. Онда менің бейкүнә сәби жастығым өтті. Мұның бәрін де ұмыта алмаймын! Ұмытпаспын да!

26.03.08. жыл, сағат 01.20.

Сіздің осындай сезімдерді бастан өткізген сәттеріңіз болды ма?