Мазмұнға өту

Жаңа

Адамдағы озбырлық (агрессия).


Кез-келген адамда озбырлық (агрессивтік) қылық болады. Оның пайдалы да, зиянды тұстары бар. Егер хирургта аздаған озбырлық қасиет болмаса ол мүлдем операция жасай алмаған болар еді. Өйткені тірі адамды кесіп, ондағы кеселді алып тастауы керек қой. Бір сәт ойланыңызшы, сіздің өміріңізде сіз, не басқа адам тарапынан озбырлық болды ма? Оған не істеу керек деп ойлайсыз? 

0
5
3018

Адамдармен қарым-қатынас


Адам тіршілігіндегі ең қиын нәрсе, ол адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы. Бірақ мұны өз ойлағаныңыздай етіп жүргізуге болады. Ол үшін адам өз ісін жақсы меңгерген психологтармен кеңесіп тұруы керек. Әлем шексіз және мүмкіндіктер мол. Кез келген проблеманың (өзекті мәселенің) сан түрлі шешімі болады. Және де табысты, жетістікке жетелейтін қарым-қатынас өнерін үйренуге жағдай бар. Тек адамның ынтасы болса болғаны. 

Өмір сүру қиын ба?

Жалпы өмір сүру өшпенділік, жаукөзділік жағдайында өтетіндіктен қиын да күрделі. Әсіресе бұл бизнес әлемінде айқын білінеді. Мәселен, сіз табысқа жетіп, биікке өрлесеңіздер, оны көре алмайтын, аяқтан шалатын адамдар табылады. Сіз қалай ойлайсыз, өмір сүру қиын ба? Әлде...

0
9
989

Жауқазын ғұмырды жылатқан жауыздық

Ескерту: жұмыс уақытындағы көңіл-күйін бұзғысы келмейтіндерге оқымай-ақ қоюға кеңес беремін. Дүйсенбі сайын жұмыста бас қосып, өткен аптаның жаңалықтарымен бөлісетінбіз. Бұл жолы да солай болды. Бір әріптесіміз КТК арнасынан «Жас қазақтағы» Жауқазын ғұмырды жылатқан жауыздық тақырыбына орай арнайы хабар әзірлегенін айтты. Алакөл ауданындағы мектепте болған айуандықты егжей-тегжей қайталамай-ақ қояйын. Жауқазынды қорғайтын арнайы заңгер керектігі, әйтпесе оны жылы жауып тастауға қам жасалып жатқанын да хабарлағанбыз. Сол қыздың анасы бұл дүниеден әділеттілік таба алмай қорланып, өз-өзіне қол жұмсамақшы болыпты. Қазір ауруханада жатқан көрінеді. Сымбаттың өзін де экраннан көрсетті дейді білетіндер. Ал әкесінің сыртынан іс жинап жатыр екен. Астанана жасақталған арнайы комиссия істің ақ-қарас…

0
2
578

Жоғалып кеттім, білемін...

Кешіріммен қарауыңды өтінемін. Себебі бұдан басқа да блогым бар еді. Көбіне сол жерге жазамын. Біреуі urimtal.wordpress.com and kz.kazakhstan.neweurasia.netҚазір ауардтың ұйымдастырушылар қатарындамын ғой. Жұмыстан қолым қалт еткенде соның шаруасымен дедектеп кетеміз. 19 қарашада СтарсКлабта (Желтоқсан мен Абайдың қиылысы ғой деймін) марапаттау салтанаты болады. Мүмкін келерсің, ә? Келетін болсаң, алдын ала сайтқа барып, тіркеу формасын толтырғаның жөн. Негізі түнгі клубқа бару табиғатыма жат еді. Айтпақшы, осы блогта Нұрғисаның блогы біраз жыр болып еді. Биылғы ауартың үздік есеместерінің көшін сол Нұрекең бастап келеді :) Әлия осы байқауға қатысқан қазақ тіліндегі сайттарға қатысты тәп-тәуір шолу да жасап үлгерді. Сенбесең, оқып көр!Бүгін ювижнге Серікбай ағаның блогы ашылған соң қайта…

0
7
533

Қаржы табудың негізгі жолдары


 

Психологтардың деректеріне сүйенсек қаржы (ақша) табудың негізінен тек төрт жолы бар көрінеді. Олар а) жалданып жұмыс істеу; ә) жеке кәсіби қауымдастықта жұмыс істеу; б) бизнеспен айналысу және в) инвестиция салу. Алдыңғы екі тәсілде адам ең көп жұмыс істегенде 24 сағаттан артық жұмыс істеп, пайда таба алмайды (бірақ оған ұйықтау, дем алу және т.б. керек қой). Ал бизнестің немесе инвестицияның бірнеше түрімен айналысқан адам соншалықты мол қаржыға жолығады. Істеріңіз табысты болсын!    

0
4
1072

"Интернет" тәуелділік жөнінде

Тірішілікте есірткіге тәуелділіктен басқа тәуелділіктер жеткілікті. Солардың бірі "Интернет-тәуелділік". Бұл кеселге шалдыққан адам өмірінің басты бөлігін Интернет әлемінде (виртуалды кеңістікте) өткізеді. Тәулік бойын ойын ойнап, мониторға тесілтендер жеткілікті. Бұл да дерт. Емделуге болады, бірақ дұрысы ауруға шалдықпаған. Оған қоса "гаджет-аддикция" (ауытқуы) да ұшырасады. Ол ұялы телефонды, компьютерді, автокөлікті және т.б. заттарды жиі ауыстыратындар. Өмірде қанша адам болса, соншалықты ерекшелік болады.   

0
7
1593

Өмірдегі табысқа жеткізер сиқырлы төрт сауал


Өмірде табысқа жетелейтін сауалдар болады. Коучинг ілімінде мұны ұтымды қолданады. Олар мыналар: бір нәрсені, мақсатты алға қойғанда алдымен, өзіңізге бірінші: "Менің не істегім келеді?" деген сауал қою қажет. Одан соң: "Мұны қалай, қандай жолдармен жүзеге асырамын, амалы қандай?" деген сұрақ қойған жөн. Үшінші маңызды сұрақ: "Бұл маған, менің өзіме не үшін керек?". Төртіншісі: "Ойым, не қалауым жүзеге асқанда не болады?". Сонымен Сіздерге өмірде сәттілік тілеймін.

0
4
695