ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Yvision.kz блог-тұғырында жұмыс істеу ережелері

yvision.kzyvision.kz сайтында тіркелген қолданушылардың онлайн күнделіктер веб-сервисі.

yvision.kz-тегі кез-келген қолданушының кез-келген әрекеті мен қатысудың өзі автоматты түрде оның Осы Ережелермен келісетінің көрсетеді.

yvision.kz – те Қолданушымен жарияланған Барлық Материалдар тек қана Қолданушының өз пікірін білдіреді.

yvision.kz жарияланған Материалдардың көзқарастарына қосылмайды, пікірлерді қолдамайды және олардың ҚР заңнамасына сәйкес келетініне кепілдік бермейді.

yvision.kz Қолданушылармен жарияланған Материалдар мен пікірлерді модерациядан өткізбейді.

Қолданушы yvision.kz-тегі Материалдарды жазу және жариялауда, оның ішінде Материалдардың мазмұны заңнаманың талаптарына сай келуіне және үшінші жақтағы адамдардың құқығы мен заңды мүддесіне қарсы келмеуіне үшінші жақтағы адамдар алдында өз бетінше жауап береді.

Қолданушы Материалдардың жалпы және әр қайсысы бөлек түрінде үшінші жақтағы адамдардың авторлық құқықтарын, тауар белгілеріне құқықтарын, дараландыру құралдарын және/немесе басқа да зияткерлік меншік объектілердің құқықтарын бұзбауы қажет екенін түсінеді және келіседі. Егер де Материалдың негізгі мазмұны адамның суреті болса, Қолданушы yvision.kz – те осы адамның суретін жариялау үшін онымен келісім жасасуына жауапты. Қолданушы yvision.kz – те Материалдардың жасалу мен жариялануға қатысты үшінші жақтағы адамдардың барлық наразылығын өз күшімен реттеуі тиіс.

Қатысушыларға өзінің жеке күнделіктері немесе пікірлері арқылы төмендегі мазмұндағы хабарламаларды жариялауға рұқсат берілмейді:

  • былапыт сөздер;
  • басқа қолданушыларды қорлау;
  • заңсыз әрекеттерге, арандатушылыққа, зорлауға шақыру;
  • ұлттық және діни сенімдерді былапыттау;
  • фашизмды, нәсілшілдік идеологияның басымшылдығын, сонымен қатар, ксенофобияның кез-келген түрде насихатталуы;
  • есірткіні тарату әрекеттері және есірткіні жасау рецепттері мен қолдану кеңестері;
  • кару-жарақ пен жарылғыш заттарды тарату әрекеттері мен оларды қолдан жасау жайында кеңестер немесе қолдану;
  • спам — бір немесе бірнеше автордың күнделіктегі пікірі және/немесе e-mail арқылы жарнамалық, былапыт немесе басқа да (соның ішінде «бақыт хаттары») біртекті хабарламаларды көпшілікке жіберу;
  • педо-, зоо- және некрофилия бар порнографиялық суреттер мен мәтіндерді жариялау;
  • суицид немесе адамдарға, жануарларға зорлық көрсету фрагменттері бар материалдарды, сонымен қатар, суицид тәсілдерін және құралдарын суреттеу мен оны жасауға итермелейтін кез-келген арандатушылық;
  • компьютерлік ақпаратқа заңсыз қол жеткізудің әрекеттерін суреттеу;
  • ҚР заңнамасына немесе хабарлама авторының ұлттық мемлекетіне қарсы келетін кез-келген ақпарат.


Кез-келген ережені бұзғаны үшін
yvision.kz әкімшілдігі келесі санкциялардың түрлерін қолдануға құқылы:

  • ережелерге сай келмейтін жазбаны өшіру
  • бұзушылықтар бар күнделікті өшіру
  • қолданушының сайтты қолдануына блок қою