Қазақта жау бар ма?
Қазақта жау бар ма өзі? Әрине, пәлен жұрт жау деп айта алмаймыз. Алайда, бабаларымыз аңсаған азаттық, тілеген тәуелсіздікке бір жыл толмай жатып, „Қазақтың жауы - қазақ!„ деп ұран көтерген өзіміз. Бұл ұран ешқайдан келген жоқ. Өзіміздің қазақтың шығарып жүрген шіріген сөзі.Негізінде, „адам адамға қасқыр„ дегенді естідім. Бірақ ол адамзат бойындағы өзімшіл, жағымсыз қасиеттері туралы айтылған болса керек. Әлемде болып жатқан оқиғаларға қарасаңыз, жауы жоқ мемлекет кемде-кем. Неміс халқы екіге бөлінді: капиталистік Федералды Германия және Социалистік Демократиялық Германия, бірі НАТО құрамында, бірі Варшава пактісі жағында. Вьетнам жұрты екіге бөлінді: Солтүстік - социалистік, Оңтүстік - капиталистік. Қырғын болған араларында. Вьетнам вьетнамға оқ атқан. Қиыр Шығыстағы Корей халқы да Оңтүст…