ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Award.kz: Сұрақ-жауап

Байқауға KZ доменіндегі сайттар ғана қатыстырылады ма?

Байқауға KZ доменіндегі сайттар ғана қатысады деген шектеу жоқ. Қазақстандықтарға арналған немесе Қазақстан туралы мәлімет тарататын жеке, заңды тұлғалардың веб-ресурстары қатыса береді. Өтініш берушінің мекен-жайы немесе сайтының қосалқы доменде тіркелгендігі де маңызды емес.

Байқауда қазақ тіліндегі сайттарға қандай да бір жеңілдіктер қарастырылған ба?

Ережеде сайттың тіліне қатысты арнайы ешқандай талап жоқ. Өтініш білдіргенде сайт тілін «қазақ тілі» деп көрсеткендер автоматты түрде «Мемлекеттік тілдегі ең үздік сайт» атты ынталандыру аталымының да қатысушысына айналады.

Байқауға қатысу үшін ақша төлеу керек пе?

Бұл байқауға қатысу үшін ақша төлеудің қажеті жоқ. Тегін тіркеліп, қатысасыз. Ең бастысы Байқау ережесінде көрсетілген талаптарды ескерсеңіз болғаны.

Өз сайтымды байқауға тіркеген соң, әрі қарай не істеуім керек?

Сайтыңызды тіркеп болған соң, 48 сағат ішінде Іріктеу комиссиясы өтінішіңіздің қабылданғанын немесе қабылданбағанын айтып электронды поштаңызға хат жолдайды. Бәрі дұрыс болып, өтінішіңіз барлық талаптарға сай келетін болса, сайттағы үміткерлер қатарынан өз сайтыңызды таба аласыз. Өз кезегінде Сіз байқаудың баннерін сайтыңыздың бірінші бетіне жариялауыңыз керек. Сайтыңыз байқауға қабылданбаса оның себебі түсіндіріліп, оны жөндеу жөнінде кеңес беріледі. Сайтыңызды ретке келтірген соң, сіз оны қайтадан тіркей аласыз. Қайта тіркеуге бір рет қана мүмкіндік беріледі.

Байқаудың баннері сайтымның бүкіл кескін-келбетін бүлдіріп тұр. Орнатпай-ақ қойсам бола ма?

Баннерді орнату Іріктеу комиссиясынан өткендердің барлығы үшін міндетті болып табылады. Бұндай шарт орындалмаған жағдайда Ұйымдастырушылар қатысушыны әрі қарай Байқауға қатыстырмауы мүмкін.

Қазнеттің 2009 жылғы ең үздік сайттарын кім және қашан анықтайды?

Байқау 2009 жылдың 1 маусымы мен 31 қазан аралығында үш кезеңмен жүреді. Жүлдегерлер интернет пайдаланушылардың таңдауы және қазылар алқасының шешімімен анықталады. Әрбір кезеңнің қалай жүретінін және қазылардың міндеттері туралы мәлімет мына кестеде анық көрсетілген.

Интернет қолданушылар Байқауда жеңімпаздарды анықтауға өз үлестерін қоса ала ма?

Көрермендер көзайымы» аталымының жүлдегері тікелей интернет қолданушылардың белсенділігі есебінен анықталады.

Ұйымдастыру комитетінің, қазылар алқасының, іріктеу комиссиясының мүшелері немесе демеушілер Байқауға қатысу жөнінде өтініш бере ала ма?

Сіз санамалағандардың барлығы байқауға қатыса алады. Байқау әділетті өтеді және бағалауда қандай да бір бұрмалаушылықтардың алдын алатын арнайы механизмі жұмыс істейді. Біріншіден, байқауға келіп түскен жұмыстарды демеушілер мен ұйымдастыру комитеті емес, қазылар алқасы бағалайды. Екіншіден, егер қазылар алқасының мүшесі өз өтінішін берсе, Байқаудың ережесі бойынша, оны бағалауға қақысы жоқ. Оның орнына мұндай сайтты Ұйымдастыру комитеті бағалайды. Егер қазылар алқасы өзінің қандай да бір сайтқа қатысы бар екенін алдын ала ескертпейтін болса, бұл сайт байқауға қатыстырылмайды...

Бір веб-сайт бірнеше аталымға қатыса ала ма?

Қатысушының сайты тек бір ғана тақырыптық аталымға қатыса алады. Аталымды өзгерткіңіз келсе, support@award.kz поштасына хат жазыңыз.

Мен өтінішімді жолдадым, бірақ қатысушылар тізімінен өз сайтымды таба алмадым. Бұның себебі неде? Менің сайтым қандай себеппен тізімге ілікпей қалды?

Ұйымдастыру комиссиясының қолынан өткен соң, тапсырылған өтініш Байқаудың сайтында жаряланады. Егер сайтыңыз аталған тізімде жарияланбаса, сәл сабыр сақтап күте тұрыңыз. Сайтыңыз қарастырылып жатқан болуы мүмкін. Іріктеу комиссиясы келіп түскен өтініштерді 48 сағаттың ішінде қарастырады. Қалай болғанда да өтінішіңізді жолдаған соң, электронды поштаңызға жазбаша жауап келіп түседі.

«AWARD.kz 2009» Ұлттық интернет-жүлдесі» Байқауына қатысу үшін өз өтінішімді қашан тапсырайын?

Байқауға қатысу жөніндегі өтініштер 2009 жылдың 1 маусым мен 15 қыркүйек аралығында қабылданады.

 

 

© award.kz