Мазмұнға өту

Жаңа

Есіңде ме сол бір кез...

Кешке жатар алдында кейде сол бір аруды көз алдыма елестетіп ойлап жататынмын...”Не істеп жүр екен...”,” қайда екен...” деген сұрақтарға беріліп.  Бала бақша кезінен сол бір қыздын келбеті есімде нақты сақталып көптеген уақытқа дейін ойымнан шықпай қойды... Сол кезде ақ оны ұнататын едім. Әрине ол кезде ондай сезімдермен Әлі таныс емес едім, бірақта сол сәттерде ақ басқалармен салыстырғанда сол қызға деген көз қарасым ерекше еді. Бақша уақыты бітіп мектепке баратын кез келді, екеуміз екі бөлек мектепке аттандық. Сол сәттен арадағы өткен он бес жылдын ішінде бір бірімізді екі үш рет сырттай ғана көрдік. Жастық және қобалжу шығар, сонда жақындап сөйлесу дегенге мән бермеппіз. Жақында интернетте серундеп отырып сол қыздын суретін кездестіріп қалдым: ішімде бір қуаныш пайда болды деуге б…

0
3
1567

Дом-2 по казахстанский или Шіркін life

Новое казахстанское, старое российское реалити шоу Дом-2 а ля Шіркін life по казахстанский!

8 популярных звезд казахстанского шоу-бизнеса: Алмас Кишкенбаев, Динара Кырыкбаева, дуэт «Арнау» - Нуржан Керменбаев и Салтанат Бакаева, Бейбут Корган, Айкерим Калаубаева, Акылбек Жеменей, Асыл Беделхан живут в ауле и выполняют различные задания.

0
0
1997

Жеттік-ау, әйтеуір...

Өткен демалыста өз-өзімді «өһілеп» жүріп «Менің атым Кхан» атты көркем фильмге барғыздым. Әу баста жылаңқы үнді киноларының бірі ма деп елемей жүріппін, сөйтсем... «ВО!» дүние екен!!! Мен қазір монитордың алдында отырып, жылап-сықтап, солықтап, солқылдап, іріп отырып көрген киномның мазмұнын айтып әуре болмай-ақ қояйын, өйтсем «нервімнен» «нерві» қала ма... Айтпағым басқа... «Алланың құлымын, Пайғамбардың үмбетімін, кітабым Құран» деген жанның АҚШ киносында оң кейіпте, жақсы сипатта болғанын Сіз бұрын-соңды көрдіңіз бе? Мен көрмеппін. Қайта керісінше, батыс киносының арқасында мұсылман бауырымды сақалы ұзын, ақ киімді, бір қолтығының астында гранатомет, бір қолтығының астында Калашников автоматы бар кейіпте деп өз-өзімді сендіріп алыппын. Ал алдыңғы күні осы фильмді көріп отырып, Құдайдан…

0
3
1104

Бір Аллаһтың атымен...

Әлһамдулиллаһ, Рамазан айының соңғы санаулы күндерін өткеріп жатырмыз... Қанша сауап істеп үлгердік, жүрек түкпірімізге қаншалықты үңіліп, оразаның дәмін тата білгеніміз бір Аллаһқа аян. Мұсылман баласы амалдарымыз ниетке байланысты екенін жақсы біледі.  Бастысы ниетіміз кірлей көрмесін! Бұл жазбаны Қадір түніне арнағым келіп еді. Бірақ www.oraza.info жобасына біраз өзгерістер енгендіктен олармен бөлісуді жөн санап отырмын. Себебі әр жазбаның астына пікір қалдыру қызметін шектегелі бері байланысымыз үзіліп қалғандай көрінді. Не себепті бұрынғыдай жазбалардың астына пікір қалдыру мүмкіндігін алып тастадық? Жақсы сұрақ! Сұрауға да хақылысың. Себебі бұл жоба өзіңе арналған. Пікір қалдырудың орнына сұрақ қойылып кете беретіндіктен, әрі кейбір бауырларымыз дәл сол сұраққа сайт ішінде жауа…

0
0
639

мұнай және газ күнімен құттықтаймын

#mce_temp_url#

В этот праздничный день хочется поздравить всех ВАС граждан Казахстана и
работников нефтяной и газовой  промышленности с профессиональным праздником.Я желаю вам личного счастья и успехов в вашей работе. Пусть никогда беды и несчастья не коснутся вас и ваших близких! С праздником!

0
0
1426

Қонақ қылған үй иесіне Аллаһ сауаптан жазсын

Қазақстан посткеңестік елдердің ішінде алғашқылардың бірі болып, ислам қаржысына қатысты арнайы заң қабылдады. Соған орай елімізде алғашқы ислам банкі де құрылды. Ислам қаржы құралдарын дамытумен айналысатын бірнеше мекемелер де қызмет етуде. Солардың бірі - Алматы Өңірлік Қаржы Орталығындағы ислам қаржы құралдарын дамыту бөлімі. Аталған бөлімнің маманы Айжан Қалқаева біздің "бес сауалға" жауап берген еді. 1. Өміріңдегі ең алғашқы Оразаны ойлағанда есіңе бірінші кезекте не түседі? Неге? – Ең бірінші Сухур (сәресі) мен ифтар (ауызашар) кезіндегі дұғаларды араб тілінде жаттағаным және Тарауих намазына дайындалғаным еске түседі. Сонымен қатар Қазақстанда оразаны бүкіл мұсылман әлеміне қарағанда бір күн ерте бастағанына өте қызықтым. 2. Егер ертең Оразаның алғашқы күні болатын болса, бүгін не…

0
1
699

Ұлыбританиядағы оразам

Әділ Әбдірахман Рамазан айын Отаннан жырақта Ұлыбританияда өткеруде. Абердин Университетінде заңгер мамандығы бойынша ғылыми біліктілігін асырып жатқан өрелі азамат:

"Елде жүргенде жұмыста талай шұғыл тапсырмаларды орындаймын деп алаңдау мен сабырсыздыққа тап болатынмын. Кейде тіпті кеңседе отырып қолда бармен ауыз ашатын кездерім жиі болатын. Ал оқуда жүрсең өзіңе-өзің қожайынсың" дейді.

1. Өміріңдегі ең алғашқы Оразаны ойлағанда есіңе бірінші кезекте не түседі? Неге?

Алғашқы Оразаны шамамен 18 жасымда 2-курс студенті болып жүргенімде ұстадым. Соны ойлағанда алғаш рет рухани болмысымның иесі тек өзім ғана деген тұжырымға келгенім есіме түседі. «Неге?» дейсіз ғой.

0
0
710

Жынданып отырып жазған өлең, әкеңңңңң.....

Көңілге қыңыр күй кеп бір, Көкірек сүйегімді керіп тұр. Егелген ескі сезімді Егілттің, шешек, егілткір... Шыдамай шыдамым, шамасы, Жанымның есігін теуіп тұр... Бір кезгі сәулет – бұл дүние Қалғандай қаңсып кеуіп бір. Арманның аппақ қанаты Үмітсіздіктен қарайды. Мен жетпеген қу мүлік Құлазытып жүр-ау талайды. Ойымды жаным жегідей жеп, Жанымды тәнім қанайды. Бұрышқа біткен бір байғұс Уысындағы тиынын санайды... Тілеушім деп ем апайды, Тірегім деп ем ағайды, Атаңа нәлет, сұм ақша, Маған емес саған қарайды Үміт сыйлар жандар «арайлы»... Пы.Сы. Араларыңызды Алматыдағы ақындар айтпақшы менсіне қоймайтын, "аузымен құс тістеген шайырлар" бар шығар... Кейбіріңіз бәлкім басын шайқап, "ццц, жаман емес, жаман емес" дерсіздер, ал кейбіріңіз, бәлкім, мырс етіп "Шөп те өлең, шөңге де өлең, бұтаның арасы…

1
5
684

Қасиетті Қадір түні

Қамшының сабындай қысқа ғұмырын құлшылықпен өткізіп, Алла тағаланың разылығын табуды қалаған құлдар үшін ең қасиетті түн - Қадір түні. Оның қасиеттілігі сол бұл түнде жасалған құлшылықты Жаратушы Иеміз мың айда жасалған ғибадаттан артық деп қабылдайды. Мың ай қарапайым арифметикалық жолмен есептегеннің өзінде сексен үш жылдық мерзімді қамтиды. Ал кейбір ғалымдар мың деген санды араб халқы негізінен «өте көп» деген мағынада қолданады. Сондықтан Құранның: «Қадір түні мың айдан қайырлы» деген аятындағы «мың» сөзі де «өте көп» деген мағынаны береді деп есептейді. Бұл жағдайда ол сан одан да өсуі мүмкін. Түннің «Қадір түні» деп аталуын ғалымдар бұл түнде Алла тағала адамдардың келесі жылғы тағдырын, яғни өмірі мен өлімін, рызық-несібесін, бақытты немесе бақытсыз болуын т.б. жазатындығымен байл…

0
0
1046