Ұлыбританиядағы оразам
"Елде жүргенде жұмыста талай шұғыл тапсырмаларды орындаймын деп алаңдау мен сабырсыздыққа тап болатынмын. Кейде тіпті кеңседе отырып қолда бармен ауыз ашатын кездерім жиі болатын. Ал оқуда жүрсең өзіңе-өзің қожайынсың" дейді.Әділ Әбдірахман Рамазан айын Отаннан жырақта Ұлыбританияда өткеруде. Абердин Университетінде заңгер мамандығы бойынша ғылыми біліктілігін асырып жатқан өрелі азамат:
1. Өміріңдегі ең алғашқы Оразаны ойлағанда есіңе бірінші кезекте не түседі? Неге?
Алғашқы Оразаны шамамен 18 жасымда 2-курс студенті болып жүргенімде ұстадым. Соны ойлағанда алғаш рет рухани болмысымның иесі тек өзім ғана деген тұжырымға келгенім есіме түседі. «Неге?» дейсіз ғой.
