Мазмұнға өту
bombom

bombom

Сайтта 2010 ж. 25 тамыз

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

7

пікірлер

36

тіркелуші

4

жазылымдар

7

Жеттік-ау, әйтеуір...

Өткен демалыста өз-өзімді «өһілеп» жүріп «Менің атым Кхан» атты көркем фильмге барғыздым. Әу баста жылаңқы үнді киноларының бірі ма деп елемей жүріппін, сөйтсем... «ВО!» дүние екен!!! Мен қазір монитордың алдында отырып, жылап-сықтап, солықтап, солқылдап, іріп отырып көрген киномның мазмұнын айтып әуре болмай-ақ қояйын, өйтсем «нервімнен» «нерві» қала ма... Айтпағым басқа... «Алланың құлымын, Пайғамбардың үмбетімін, кітабым Құран» деген жанның АҚШ киносында оң кейіпте, жақсы сипатта болғанын Сіз бұрын-соңды көрдіңіз бе? Мен көрмеппін. Қайта керісінше, батыс киносының арқасында мұсылман бауырымды сақалы ұзын, ақ киімді, бір қолтығының астында гранатомет, бір қолтығының астында Калашников автоматы бар кейіпте деп өз-өзімді сендіріп алыппын. Ал алдыңғы күні осы фильмді көріп отырып, Құдайдан…

0
3
1022

Жынданып отырып жазған өлең, әкеңңңңң.....

Көңілге қыңыр күй кеп бір, Көкірек сүйегімді керіп тұр. Егелген ескі сезімді Егілттің, шешек, егілткір... Шыдамай шыдамым, шамасы, Жанымның есігін теуіп тұр... Бір кезгі сәулет – бұл дүние Қалғандай қаңсып кеуіп бір. Арманның аппақ қанаты Үмітсіздіктен қарайды. Мен жетпеген қу мүлік Құлазытып жүр-ау талайды. Ойымды жаным жегідей жеп, Жанымды тәнім қанайды. Бұрышқа біткен бір байғұс Уысындағы тиынын санайды... Тілеушім деп ем апайды, Тірегім деп ем ағайды, Атаңа нәлет, сұм ақша, Маған емес саған қарайды Үміт сыйлар жандар «арайлы»... Пы.Сы. Араларыңызды Алматыдағы ақындар айтпақшы менсіне қоймайтын, "аузымен құс тістеген шайырлар" бар шығар... Кейбіріңіз бәлкім басын шайқап, "ццц, жаман емес, жаман емес" дерсіздер, ал кейбіріңіз, бәлкім, мырс етіп "Шөп те өлең, шөңге де өлең, бұтаның арасы…

1
5
637

Төртінші жазба немесе Шакира билейді-ақ, шешес...

Ойым онға, санам санға бөлініп отырып Шакираның мен үшін шедевр бейнерөлігін тағы бір қарап шықтым, шешессс... Бөксесін бұлғаңдатып, қылымси жымиып келіп-ақ қалғанда отырған орнымда қалай жіберіп қойғанымды сезбей қаламын...Бұтбол шемпионаты басталғалы бері осы клипті әй кемі отыз мың рет қараған шығармын. Арасында "Тамминамина, е,е, тамминамина, е-е" деп жүретініміз де бар. Осыған орай бір әңгіме айтпақшымын, анас.... "Байдың асын байғұс қызғаныпты" десеңіз де, "Ой, енегіңді сығайын, намыссыз" десеңіз де ерік Сіздікі, пажалыста, бірақ, мен бар ғой осы қазақтілді әншілердің, әсіресе қыз жынысты әншілердің жасанды, талғамсыз ұсқын-келбетіне, бой-бейнесіне тойып болдым. Көргім келмейді,нақ!!! Көргің келмесе көрме дейсіз ғо!! Қалай көрмеймін, айналайын-ау, көзіңнің алдында көлбеңдеп өнерге д…

0
0
797

Абай-Фурманов пен Абай-Алтынсаринның арасы...

Сағат кешкі 6.10-6.15. Аялдамаға жұмыстан шыққан халық жиналып-ақ қалған. Ұзыны, аласасы, қарасы, сарысы, наушнигі бары, наушнигі жоғы, сумкалысы, сумкасызы бар түрлі кейіптегі, нәсілдегі, әлеуметтік, діни топтағы адамдар күбірлесіп, дабырласып тұр. Азан-қазан болып, қара түтінін будақтатқан неміс, жапон, орыс көліктері лек-легімен келіп көше бойына тығылып жатыр.  Абажадай автобустар "Алматы - портты қала" деген қалжыңды еске түсіріп, пароходтың гудогына ұқсас жоғары деңгейдегі децибелді сигналдарын басып өңкитіп келіп-ақ қалғанда еріксіз артқа шегінесің. Еті үйреніп кеткен кебіреулер айналадығы мегаполистік "хаосқа" мәу дер емес. Алматы-Астана тас жолында келе жатқандай Абайдың бойымен жүретін қоғамдық көлік аңыратып келді де, ар жақтағы қатардан жолдағы жүргізушілердің боқтық сөзд…

Екінші жазба

Блогымдағы ә дегеннен--ақ жазылған екінші жазбамды өзімнің кумирым, табынушым, пірім, сүйіп оқитын жазушым, ұйып тыңдайтын ақыным, әнші - Сатыбалдыға арнасам ба деймін. Сәкеңнің тоқ ішегін толғандырған тақырыптар, әттеген-ай, маған да маза бермей жүр. Шіркін-ай өзін бір көрсем ғой...Арман ғой, арман...

Блог аштым бұлдыраған жанарыммен...

Қаумалаған қалың ел, армысың-ау, бармысың!!!

Көзіме жас ала отырып осы блогты өздеріңізге таныстырсам ба деймін! Бір кездегі қырдан келген қара бала (бірақ, бәрі мені "ой, сары ж...п" дейді) осыншама жасқа келіп осындай жетістікке жетеді - етеккірі келген егде әйелге ұқсап еңіреп отырып моншақ-моншақ ойын төгілдіріп жазады дегенге мен үйден шығып бара жатқанда отын бұтап жатқан шешем мен кір жуып жатқан әкем сеніп пе!!!

Енді міне орталық қалада омалып, ойға түсіп, орыстілді блогплатформада оттааааааааап отырмын.

Общым, оқырман, осы блогты бұдан әрі оқимын десеңіз де, оқымаймын десеңіз де өзің білесің.

Ал жалғастырып жаза алмасам маған серт. Жазғанымды оқып, каметарий жазбасаң саған серт.