Мазмұнға өту

Жаңа

АО «Қазақтелеком» информирует

Құрметті абонеттер! «Қазақтелеком» АҚ 2010 жылдың 09.01 күнінен бастап, «Megaline» желісіне абонеттер үшін тек келесі IP-адрестегі DNS-серверлерге қатынау мүмкіндігі болатынын хабарлайды: 212.154.163.162 95.56.237.24 «Интернетке қосылу» жағдайында «DNS-сервердегі адресті автоматты түрде алуға»  көз жеткізуіңізді сұраймыз. Құрметпен,«Қазақтелеком» АҚ cabinet.megaline.kz www.megaline.kz www.telecom.kz Уважаемые абоненты! АО «Қазақтелеком» информирует, что  с 01.09.2010 г. для абонентов сети «Megaline» будут доступны только следующие IP-адреса DNS-серверов: 212.154.163.162 95.56.237.24 Просьба убедиться, что в настройках «Подключения к Интернет» установлено «Получить адрес DNS-сервера автоматически». С уважением,АО «Қазақтелеком» cabinet.megaline.kz www.megaline.kz www.te…

0
0
529

Төртінші жазба немесе Шакира билейді-ақ, шешес...

Ойым онға, санам санға бөлініп отырып Шакираның мен үшін шедевр бейнерөлігін тағы бір қарап шықтым, шешессс... Бөксесін бұлғаңдатып, қылымси жымиып келіп-ақ қалғанда отырған орнымда қалай жіберіп қойғанымды сезбей қаламын...Бұтбол шемпионаты басталғалы бері осы клипті әй кемі отыз мың рет қараған шығармын. Арасында "Тамминамина, е,е, тамминамина, е-е" деп жүретініміз де бар. Осыған орай бір әңгіме айтпақшымын, анас.... "Байдың асын байғұс қызғаныпты" десеңіз де, "Ой, енегіңді сығайын, намыссыз" десеңіз де ерік Сіздікі, пажалыста, бірақ, мен бар ғой осы қазақтілді әншілердің, әсіресе қыз жынысты әншілердің жасанды, талғамсыз ұсқын-келбетіне, бой-бейнесіне тойып болдым. Көргім келмейді,нақ!!! Көргің келмесе көрме дейсіз ғо!! Қалай көрмеймін, айналайын-ау, көзіңнің алдында көлбеңдеп өнерге д…

0
0
849

Джазбен әрленген кеш

Бүгін Павлодар облысық "Шаңырақ" халық шығармашылығы және мәдени-сауық орталығында жергілікті джаз оркестірінің концерті өтті. ҚР Ата заңының 15 жылдағана арналған өнер кешінде В.Шейкин жетекшілік ететін джаз оркестрі жұртшылыққа өнерлерін паш етті.

0
0
554

Абай-Фурманов пен Абай-Алтынсаринның арасы...

Сағат кешкі 6.10-6.15. Аялдамаға жұмыстан шыққан халық жиналып-ақ қалған. Ұзыны, аласасы, қарасы, сарысы, наушнигі бары, наушнигі жоғы, сумкалысы, сумкасызы бар түрлі кейіптегі, нәсілдегі, әлеуметтік, діни топтағы адамдар күбірлесіп, дабырласып тұр. Азан-қазан болып, қара түтінін будақтатқан неміс, жапон, орыс көліктері лек-легімен келіп көше бойына тығылып жатыр.  Абажадай автобустар "Алматы - портты қала" деген қалжыңды еске түсіріп, пароходтың гудогына ұқсас жоғары деңгейдегі децибелді сигналдарын басып өңкитіп келіп-ақ қалғанда еріксіз артқа шегінесің. Еті үйреніп кеткен кебіреулер айналадығы мегаполистік "хаосқа" мәу дер емес. Алматы-Астана тас жолында келе жатқандай Абайдың бойымен жүретін қоғамдық көлік аңыратып келді де, ар жақтағы қатардан жолдағы жүргізушілердің боқтық сөзд…

"Рамазан" сөзі нені білдіреді?

Имам Ғазали "Мукашафатул Кулуб" атты шығармасында "Рамазан" сөзінің түбірі «аррамдае» сөзінен шығатынын айтады. Бұл бір нəрседен ұзақ болу, алыстау, арылу мағынасына келеді. Яғни, Рамазан айында адамдар ашқұрсақ болу арқылы күнəларынан арылатындықтан, ауыз бекітіп құлшылық жасауды осылайша атаған. Вағаби атты ғұламаның жеткізуіне қарағанда, жаһилия дəуірінде адамдар аптап ыстық пен қақаған суықта ауыз бекітетіндіктен, осы атауды көбірек қолданған. Басқа дереккөздерге қарағанда «аррамдае» — бір нəрсені өртеу деген сөз. Яғни, ауыз бекітумен күнəлар өртеледі деген мағынаны білдіреді. Бірде Хақ Елшісі (с.а.у.) үзеңгілес серіктерімен әңгіме-дүкен құрып отырғанында бір бәдауи араб пен иуда дінін ұстанатын яһуди келіп, сәлем береді. Амандық-саулықтан соң әлгі яһуди: «Ұлы Жаратушы Рамазан айында…

0
2
1888

Дүниенің ең үлкен ауызашары

21 тамыз күні Стамбулдың Эсенлер ауданында құрылған 10 километрлік ауызашар дастарханына 41 120 адам жиналды.

Эсенлердегі ауызашарға тұрғындар өз үйлерінен тамақ әкелді және жергілікті әкімдік те ауызашар үшін азық-түлік бөлген.

Ресми мәліметтер бойынша Эсенлер әкімдігі 10 мың тонна палау, 8 тонна ет, 1500 табақ баклава, 100 мың бөтелке су, 45 мың стакан айран және 45 мың стакан жеміс сусынан таратқан.

Ораза тұтқан мұсылмандарға ауызашар дастарханында 2900 адам қызмет көрсетті.

Бұған дейін АҚШ-тың Вашингтон қаласында бір уақытта 16 250 адам жиналып ауыз ашқан еді. Гиннестер рекордтар кітабының сарапшылары арнайы тексерген соң, Түркиядағы бұл ауызашар "Дүниедегі ең үлкен ауызашар" деп танылмақ.

www.kezdesu.com және Түркияның ақпарат көздері бойынша әзірленді

0
0
821

Аршат Оразов: Айналамның бәрі - Ораза!

Аршат Оразов - қазақ интернетіндегі бірнеше ілкімді жобалардың авторы. Соңғы жобаларының бірі www.kezdesu.com деп аталады. Қазақ жастарының өз ара пікір алмасатын виртуалды алаңын әзірлеген Аршта Түркияда білім алған. Қасиетті Рамазан айында ол www.oraza.info-ның "Бес сауалына" жауап берген еді. 1.      Өміріңдегі ең алғашқы Оразаны ойлағанда есіңе бірінші кезекте не түседі? Неге? Негізі еске түсетін нәрсе көп. Бірақ ең алдымен еске түсетіні Ораза сияқты. Иә, Ораза. Айналаның бәрі ораза еді, ТВ ораза, адамдар ораза, көше ораза, қоғамдық көлік ораза, яғни барлық жерден оразаның иісі шығады. Қазақстанда өкінішке орай әлі ештеңе сезілмейді. 2.      Егер ертең Оразаның алғашқы (немесе соңғы) күні болатын болса, бүгін не істер едің? Христиан мерекесі десек те негі…

0
0
1536

Екінші жазба

Блогымдағы ә дегеннен--ақ жазылған екінші жазбамды өзімнің кумирым, табынушым, пірім, сүйіп оқитын жазушым, ұйып тыңдайтын ақыным, әнші - Сатыбалдыға арнасам ба деймін. Сәкеңнің тоқ ішегін толғандырған тақырыптар, әттеген-ай, маған да маза бермей жүр. Шіркін-ай өзін бір көрсем ғой...Арман ғой, арман...

Блог аштым бұлдыраған жанарыммен...

Қаумалаған қалың ел, армысың-ау, бармысың!!!

Көзіме жас ала отырып осы блогты өздеріңізге таныстырсам ба деймін! Бір кездегі қырдан келген қара бала (бірақ, бәрі мені "ой, сары ж...п" дейді) осыншама жасқа келіп осындай жетістікке жетеді - етеккірі келген егде әйелге ұқсап еңіреп отырып моншақ-моншақ ойын төгілдіріп жазады дегенге мен үйден шығып бара жатқанда отын бұтап жатқан шешем мен кір жуып жатқан әкем сеніп пе!!!

Енді міне орталық қалада омалып, ойға түсіп, орыстілді блогплатформада оттааааааааап отырмын.

Общым, оқырман, осы блогты бұдан әрі оқимын десеңіз де, оқымаймын десеңіз де өзің білесің.

Ал жалғастырып жаза алмасам маған серт. Жазғанымды оқып, каметарий жазбасаң саған серт.