Жеттік-ау, әйтеуір...

Өткен демалыста өз-өзімді «өһілеп» жүріп «Менің атым Кхан» атты көркем фильмге барғыздым. Әу баста жылаңқы үнді киноларының бірі ма деп елемей жүріппін, сөйтсем... «ВО!» дүние екен!!!
Мен қазір монитордың алдында отырып, жылап-сықтап, солықтап, солқылдап, іріп отырып көрген киномның мазмұнын айтып әуре болмай-ақ қояйын, өйтсем «нервімнен» «нерві» қала ма...
Айтпағым басқа...
«Алланың құлымын, Пайғамбардың үмбетімін, кітабым Құран» деген жанның АҚШ киносында оң кейіпте, жақсы сипатта болғанын Сіз бұрын-соңды көрдіңіз бе? Мен көрмеппін. Қайта керісінше, батыс киносының арқасында мұсылман бауырымды сақалы ұзын, ақ киімді, бір қолтығының астында гранатомет, бір қолтығының астында Калашников автоматы бар кейіпте деп өз-өзімді сендіріп алыппын. Ал алдыңғы күні осы фильмді көріп отырып, Құдайдан қорықтым, өзімнен-өзім ұялдым, Палестинадағы аш-жалаңаш кем-кетік жандардан ұялдым, 90-ға келсе де тоңқаңдап намазға жығылған қариядан ұялдым, тіпті экрандағы Шах Рух Кханнан ұялдым...Ақпараттық экспансия деген жаман екен...
«Мұсылман болудың не жамандығы бар!!!» («Менің атым Кхан» фильмінен)
«Теке болсын, черт болсын» (Әпенде Қожанасыр©) кім түсірсе де, қалай түсірілсе де, кім түссе де осы киноның түсірілгені «бұл да бір біткен іс болды» (Әпенде Қожанасыр©).
Рухани бауырымды есі дұрыс адам ретінде ғаламдық экраннан көретін күнге де жеттік-ау, әйтеуір...
Пы.Сы. Кинодан шыққан да көкірегіңді бір белгісіз ауру жайлап алады... Ол, бірақ, бронхит емес...)))
