Қытайда қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімдер жұмыссыз қалуы мүмкін
Қытайдағы қазақ мектептеріне қауіп төніп тұрғаны осыдан екі-үш жыл бұрын қазақ баспасөзінде өткір көтерілген еді. Дипломатия мәселесіне салсақ, бір мемлекет екінші мемлекеттің ішкі ісіне араласа алмайды. Алайда ұлт мәселесі тұрғысынан алып қарағанда рухани қудалау болып жатқанда үндемей қалу – айып. Қазақстанда бұл тақырыпқа қатысты қоғамда қозғау болғанымын Қытай үкіметіне “Қазақ мектептерінде оқу бұрынғысынша қазақ тілінде оқытылсын” деп талап қойылмайтыны түсінікті. Ал бұл тақырыпты қазір қазақ баспасөзінде тек Қазақстандағы қауымды ұлттық мәселеге қарату үшін құрал ретінде сәтті қолдануға болады. “Қараңдаршы, қытайда бауырларымыз қиналып жатыр. Қазақша білім ала алмайды” деген тәрізді салыстырма теңеулер “Өз елімізде неге қазақ мектептеріне балаларыңды бермейсіңдер. Қазақ мектептеріні…

