Мазмұнға өту

Жаңа

Ұлы даланың астаналары

Дидарыңда Мәңгіліктің мұңы ұйыған Ұлы Дала... Керуендеп көшкен тұтас дәуірлер ол үшін қас-қағымдық мезет қана. Қатпарлы тау, аңырған оқшау төбелермен толқындап шексіздікке маңған ұлан жазық, алапат кеңістік мұхитының шежіре-естелігі де біртүрлі қияпат. Оның қиырсыз қойнауында өткен қилы замандар, қым-қиғаш оқиғалар туралы бүгінде тек Аңыз ғана айтылады. Бәлкім, өз естелігін Дала аңызға айналдырып қана сақтайтын болар. Бәлкім, бұл Даланың анық тарихы, шыншыл шежіресі – сол Аңыз болар. Бір кездері, есте жоқ ерте заманда, бұл Далада қайталанбас далалық өркениет дүниеге келіп еді. Жалпақ әлемге жанын айқара ашып келіп еді. Өркениет дегеніміз – шаһарлар. Осы қағиданың айнымас ақиқат боп санамызға сіңгені сонша, біз тіпті көш пен қала бірімен бірі мүлде сыйыспайтын әлемдер деп білдік. Ал, шынды…

0
0
1156

Мұқағали (Мұхаммедқали) МАҚАТАЕВ

Қаймағы бұзылмаған қайран дінім,

Қаймағың быт-шыт болды қайдан бүгін?!

Құбылаға бет алып қол қусырып,

Сәждеге жығылатын қайда күнім?

Сатпаймын, сатқан емес дінімді мен,

Өлмейтін, өшпейтұғын күнім білем.

Таппайтын күнде тыным, түнде тыным,

Мұсылман Мұхаммедтің үмбетімін.

Бәрі рас айтқанының Ақ Алламның,

Құмменен топырақтан жаралғанмын.

Құдайдың құлымын мен – мұсылманмын,

Денемде түйірі жоқ арам қанның,

Ақиқатын аңсаймын ақ арманның.

Мекенім ніл дария – меккем менің,

Келеді мәңгілікке мекендегім.

Дариға-ай Зұлпыһарды ерттеп мініп,

Көрмеген мекеніме кетер ме едім!

Семсерін Әзірет Әлі ескек жасап,

Жерорта теңізінен өтер ме едім?!

Қаны аққан қайран менің мұсылманым,

Осы ма екі ортада қысылғаның.

…Бірігіңдер, әлемнің мұсылманы,

Құрбан болсын Құдайың үшін жаның!!!

0
1
1886

Мұхамеджан Тазабеков: ДІН ИСЛАМ – ДІҢГЕГІМ

Сара жол сап берген соң Сақ бабамыз, Байыппен болашаққа аттанамыз Пайғамбардың үмбеті болғаннан соң, Пайымдаулар парағын ақтарамыз. Қазақты жою үшін не істемеген, Оны ойласақ жылауға шақ қалармыз. Горбачевқа дейінгі тарихыңда, Тар жол, тайғақ қалды ма баспаған біз, Ату, асу, айдалу, ашаршылық- Құдай сақтап біз аман қап қалғанбыз. Ақиқаттың атасы арам өліп, Мәскеудің айтқанынан аспағанбыз. Лениннің беті ашық жатқанымен, Шындықты көрге көміп тастағанбыз. Тарихта қай тұнбадан былғанбадық, Мысалды отырғам жоқ тыңнан алып. Орысша оқымаса өспейді деп, Баланың тәрбиесін бұрмаладық. Ресейлік «Алланың» әнін сүйіп, Ал, Алланың Құранын тыңдамадық. Еуропаға ес-түссіз еліктеумен, Ақиқаттың ақ жүзін тырналадық. «Құдай жоқ» деп құтырған пенделердің, Қолын алып, төсіне гүл қададық. Хақ дінді қайтып Алла…

0
0
11537

Хамза Тоқпанұлының Павлодар телеарнасындағы қызметі

1979 жылы Павлодар дәл осы студияда тұңғыш рет түрлі-түсті экраннан хабар таратады. Бұл да әзілдей отырып бұйымтайын бұғып қалмайтын Хамза Махамбетұлының үлесі тиген іс болды. Бұл Павлодарда  қарқынды құрылыстардың бел алған кезеңі болатын. Облыстың өндірісі мен телевизиясы егіз баладай қатар дамыды. Көшелерде  алғашқы трамвай жүйткіп, Ертіс-Қарағанды каналының құрылысы басталды.  Ал телевизия қоғам өмірінің барлық салаларын, оның кейіпкерлерін таныстырды. Хамза Тоқпанов ұжымға Әнуар Қалиев, Нағима Баядилова, Айтбай Мұздыбаев, Владимир Гусов, Рахат Балтабаев, Сергей Шевченко тағы да басқа көптеген талантты ұл-қыздарды тоғыстырды. Аллюминий, мұнай өңдеу, трактор заводтарынан, Екібастұз отын-энергетика кешенінен арнайы хабарлар дайындалды. Азаппен түсіріліп әкелген материалда…

0
0
804

"Қазақстан" Ұлттық арнасының Павлодар облыстық филиалының тарихы

Қазақ телевизиясы тамырын тереңге жайған үгітшілік, насихатшылық, қоғамдық пікір қалыптастырушы ақпарат құралы ретінде танылды. «Қазақстан» Ұлттық арнасының Павлодар облыстық филиалы да бүгінде телеарна пен көрерменді байланыстыратын алтын көпірге айналды. Осындай дәнекерлік ролді атқарып отырған облыстық теледидардың тарихына көз жүгіртсек. Павлодар облыстық теледидарының «туған күні» - 1965 жылдың 7 қарашасы. Осы күні павлодарлықтар тұңғыш телехабарды тамашалады. Алғашқы дикторлар – Нағима Байділова мен Болатхан Сейтқалиев еді. Күні бүгінге дейін олардың дидарлары аға ұрпақтың көңілінде жатталып қалыпты. Әуел бастан техникалық жабдықтардың бәрі 100 шаршы метрлік павильонда орналасты. Сол кездегі телерадиохабар тарату комитетінің төрағасы Хамза Тоқпанов бастаған ұйым  бел шеше еңбек…

0
0
901

Жарнама түсінігі

Жарнама дегеніміз не? Бұл сұраққа жарнама агенттері әр түрлі жауаптар береді. Қазіргі жарнама «әкесі» аталған Альберт Ласкер оған мынандай түсініктеме береді. «Жарнама – бұл баспа түріндегі сауда». Осындай анықтама радио мен телевидение пайда болмай тұрып берілді. Бұл кездерде жарнаманың ауқымы мен сапасы бүгінгімен жер мен көктей айырмашылығы бар еді. Жарнама жайлы әртүрлі анықтамалар бар. Ол қатынас өтім ұйымдастыру, эканомикалық және әлеуметтік процесстер – қоғаммен байланыс жасаудың бірден-бір көзі болып анықталуы мүмкін. Сонымен, жарнама – бұл ақпарат беру, әдетте төленетін және сенім пікірін тудыратын құрал. Ол көбіне өнім мен жарнама таратушының ойын іске асырумен айналысады. Жарнама түрлі топтағы адамдарға көзделіп жасалған, яғни барлығын хабармен қамтуды мақсат етеді. Түрлі топта…

0
0
6516

Сауықтандыру баспасөзі

Соңғы жылдары сауықтандыру баспасөз типі пайда болды. Ол пішінделуімен, көркемделуімен ерекшеленеді, сенсациялық материалдар, экономикалық және саясат тақырыбында жазылған материалдар жеңіл орналасқан. Сұхбат, ақпараттық корреспонденцияны пайдалана отырып, газет және журнал реакциялары оқырманның уақытын толтыра түспек. Сапалық журналистика ақпараттыққа қарсы түрады, оқырманңға жалпы саясаттық немесе іскерлік басылымды ұсынады. Екі бағыттың – қоғамдық және сапалық прессаның теңдігіне жету өте маңызды. Радио және телевидениеде көбіне үш бағытта хабарлау жүреді: 1) ақпараттық жаңалықтар, диалогтар (әңгіме, сұхбат, мамандарды шақырып, дискуссия жүргізу). 2) сауықтыру бағдарламалары. 3) өзекті мәселенің саясаттық және әлеуметтік-экономикалық сараптамасы. Электронды бұқаралық ақпарат құралдары…

0
0
702

БАҚ ролі

Бұқаралық ақпарат құралдары әлемді тануда, динамикалық қарым-қатынасты қамтамасыз етуде, әлеуметтік теңдікті сақтауда үлкен рөл атқарады. Бірақ, сонымен қатар, олар бұзу күшіне ие, кей кезде сана сезімді басқару құралына айналады. Заманауи отандық журналистика мінезіне нарық ареалы әсер етеді (тіршілік үшін күрес, бәсекелестік) және ақпараттық процестің болжамы. Батыс индустриясында ақпарат құралының күштілігіне байланысты аморальдық, сенсациялық, ауқымды мәдениет әдеттегідей болады. Шынайылық пен идеалдылық арасындағы шекара бұзылады. Қоғамдық мәдениетпен қоғамдық коммуникацияның қарым-қатынасы аңыздық ақпараттың үлкен толқынын тудырады. Шынайы адам қатарында, теледидар экранында көрермен, көбінесе, жүргізушілердің имиджін, саясаткерлер мен публицистердің, кино жұлдыздарының, театр, спор…

0
0
2251